https://sputnik.kz/20230310/shymbulaqqa-elektromobilderdi-gana-kirgizedi-32810116.html
Шымбұлаққа электромобильдерді ғана кіргізеді
Шымбұлаққа электромобильдерді ғана кіргізеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Келесі айдан бастап Шымбұлаққа электромобильмен ғана шығуға болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Алматы қаласының әкімдігіне... 10.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-10T12:04+0500
2023-03-10T12:04+0500
2023-03-10T13:55+0500
шымбұлақ
https://sputnik.kz/img/317/33/3173389_0:214:4200:2577_1920x0_80_0_0_a17dbf78a85c53ee03f131754a8032ea.jpg
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Келесі айдан бастап Шымбұлаққа электромобильмен ғана шығуға болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. Шектеудің негізгі мақсаты – экологияны сақтау. Бұған дейін қорғалатын Шымбұлақта үйі бар адамдарға кіруге рұқсат берген. Енді, олар да тек бензинмен жүретін көлікпен шыға алмайды. Бұдан былай, Шымбұлаққа электрмобильдерді, шұғыл, жедел, коммуналдық және арнайы қызметтердің техникасын ғана кіргізеді. Ал 1 қыркүйектен бастап "Медеу" спорт кешені аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге де шектеу қойылады. Оларға жеңілдікпен электромобиль сатып алуға мүмкіндік жасалады. Атап айтқанда, "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 7 жылға дейін 6 процентпен 30 миллион теңгені қарызға алуға болады. Бірақ кепілзат салу керек. Кредиттің жартысы борышкердің өз ақшасы болады.
шымбұлақ
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/317/33/3173389_240:0:3960:2790_1920x0_80_0_0_59772e87c8597ad2b1eabfb5da6f7501.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымбұлақ
Шымбұлаққа электромобильдерді ғана кіргізеді
12:04 10.03.2023 (жаңартылды: 13:55 10.03.2023) АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Келесі айдан бастап Шымбұлаққа электромобильмен ғана шығуға болады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Шектеудің негізгі мақсаты – экологияны сақтау.
"1 сәуірден бастап қала билігі "Шымбұлақ" тау-шаңғысы курортының аумағына кіруді шектейді. Бұл көлік жүктемесін және қоршаған ортаға әсер ететін зиянды шығарындыларды азайту үшін жасалады", - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін қорғалатын Шымбұлақта үйі бар адамдарға кіруге рұқсат берген. Енді, олар да тек бензинмен жүретін көлікпен шыға алмайды. Бұдан былай, Шымбұлаққа электрмобильдерді, шұғыл, жедел, коммуналдық және арнайы қызметтердің техникасын ғана кіргізеді.
Ал 1 қыркүйектен бастап "Медеу" спорт кешені аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге де шектеу қойылады. Оларға жеңілдікпен электромобиль сатып алуға мүмкіндік жасалады.
Атап айтқанда, "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 7 жылға дейін 6 процентпен 30 миллион теңгені қарызға алуға болады. Бірақ кепілзат салу керек. Кредиттің жартысы борышкердің өз ақшасы болады.