Өңірлер

Павлодар облысында тұрғынды қорқытып, ақша бопсалаған күдіктілер қолға түсті

© Photo : Polisia.kzПавлодар облысында тұрғынды қорқытып, ақша бопсалаған күдіктілер қолға түсті
Павлодар облысында тұрғынды қорқытып, ақша бопсалаған күдіктілер қолға түсті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2023
Жазылу
ПАВЛОДАР, 28 шілде - Sputnik. Павлодар облысының тұрғынын қорқытып, ақша бопсалаған үш күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен бопсалау қылмысы бойынша күдікке ілінген азаматтарды ұстады.
Полицияның мәліметінше, жергілікті тұрғын бірнеше ай бойы күдіктілердің оған қоқан-лоққы, зорлық-зомбылық көрсетіп, қолма-қол ақша алғанын айтып шағымданған.
"Ақсу қаласының үш тұрғыны өздерінің күшін пайдаланып жәбірленушіден жүйелі түрде ақша бопсалай бастаған және 100 мың теңге иемденген. Сондай-ақ күдіктілердің бірі осындай қылмыс жасағаны үшін тергеуде екені анықталды", - делінген полиция хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, тұрғылықты жері бойынша тінту іс-шаралары барысында күдіктілерден қолдан жасалған пышақтар, телефондар, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
"Осы факт бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2023
Өңірлер
Батыс Қазақстанда сотталып шыққан тұрғын көршісінен ақша бопсалаған
Жаңалықтар
0