Өңірлер

Батыс Қазақстанда сотталып шыққан тұрғын көршісінен ақша бопсалаған

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 21 шілде - Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауылында сотталып шыққан тұрғын көршісін бопсалаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол бұрын бірнеше рет істі болған.
"Шыңғырлау ауылының бұрын екі рет қылмыстық жауапқа тартылған тұрғыны бостандыққа шыққаннан кейін ескі әдетіне қайта басқан. Ол техникалық қызмет көрсету станциясы (СТО) иесінен ақша бопсалаған. Ауыл тұрғынының қылмыстық іс-әрекеті әшкереленді", - деп атап өтті ведомство.
Полицияның хабарлауынша, 42 жастағы күдікті 20 маусым мен 16 шілде аралығында өзінің 34 жастағы көршісіне күш қолдану арқылы қауіп төндіріп, жәбірленушіден ақшалай қаражат бопсалаған.
"Тінту кезінде ұсталған адамнан жәбірленушіден алған 60 мың теңгесі, сонымен қатар одан ерекше иісі бар қара-жасыл заты бар қағаз бумасы және "ОРРО" маркалы телефон табылып, тәркіленді. 42 жастағы күдікті бұрын қылмыстық жауапқа тартылып, 18 жылға жуық уақыт бас бостандығынан айыру орындарында отырған", - дейді полиция.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 194-бабы "Қорқытып алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Кісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2023
Қостанай тұрғынын ұрып-соғып, 6 млн теңге бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтар
0