https://sputnik.kz/20230727/saryagashtagy-5-zhasar-qyzdyn-olimi-prokurorlar-barlyq-uydi-aralaydy-37062986.html
Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: прокурорлар барлық үйді аралайды
Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: прокурорлар барлық үйді аралайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Түркістан облысының Жібек жолы ауылындағы 5 жасар қыздың өлімінен кейін прокурорлар барлық үйді аралайды, деп хабарлады Otyrar.kz. 27.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-27T18:41+0500
2023-07-27T18:41+0500
2023-07-27T18:41+0500
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/806/94/8069400_0:0:1503:845_1920x0_80_0_0_630bf223b3787b81e0c28fd5898f3f4d.jpg
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Түркістан облысының Жібек жолы ауылындағы 5 жасар қыздың өлімінен кейін прокурорлар барлық үйді аралайды, деп хабарлады Otyrar.kz.Өңірде профилактикалық жұмыстар тура бір айға созылады. Сарыағаш ауданында ер адам 5 жасар қызды өлтіргеннен кейін осындай тексеріс жүргізу туралы шешім қабылданған. Мамандарбарлық үйді аралап, адамдардың жеке басын анықтауды ұйғарды.Сарыағаш өңіріндегі қайғылы оқиға ешкімді бейжай қалдырмады. Адамдар осы атышулы іс бойынша әділ сот пен толық тексеру жүргізуді сұрап отыр. Іс Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тілеубердиевтің бақылауында. Тергеуден бөлек, қадағалау органы өңірдің барлық тұрғынын тексеруге шешім қабылдады.Түркістан облысында қалаларды, ауылдарды, көшелерді, тіпті үйлерді тексеру іс-шаралары тура бір ай бойы жүргізілмек. Мұның бәрі аймақта кім өмір сүретінін, қоғамды қандай адамдар қоршап тұрғанын түсіну үшін керек.Атышулы іс бойынша тергеу жүріп жатыр, кісі өлтірді деген күдікті ұсталды."Тексеріс аяқтаған соң барлығын БАҚ өкілдеріне айтамыз. Қазір облыс бойынша талдау жүргізіліп жатыр, басты мәселе – адам не үшін қылмыс жасайды, себебі неде", - деп толықтырды Тілеубердиев.Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне Сарыағаш ауданындағы қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырған болатын. Президент қанішерге осы жылы шығарылған үкімнің заңдылығын қайта қарауды тапсырды. Іле-шала күдіктіге жеңіл үкім шығарған судья қызметінен босатылады.
https://sputnik.kz/20230714/saryagashta-5-zhasar-qyzdy-oltirip-ketti-toqaev-tapsyrma-berdi-36790433.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/806/94/8069400_102:0:1435:1000_1920x0_80_0_0_0042ff5a4038334555742dd8ade2ae60.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы
Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: прокурорлар барлық үйді аралайды
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Түркістан облысының Жібек жолы ауылындағы 5 жасар қыздың өлімінен кейін прокурорлар барлық үйді аралайды, деп хабарлады
Otyrar.kz. Өңірде профилактикалық жұмыстар тура бір айға созылады. Сарыағаш ауданында ер адам 5 жасар қызды өлтіргеннен кейін осындай тексеріс жүргізу туралы шешім қабылданған. Мамандарбарлық үйді аралап, адамдардың жеке басын анықтауды ұйғарды.
Сарыағаш өңіріндегі қайғылы оқиға ешкімді бейжай қалдырмады. Адамдар осы атышулы іс бойынша әділ сот пен толық тексеру жүргізуді сұрап отыр. Іс Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тілеубердиевтің бақылауында. Тергеуден бөлек, қадағалау органы өңірдің барлық тұрғынын тексеруге шешім қабылдады.
Түркістан облысында қалаларды, ауылдарды, көшелерді, тіпті үйлерді тексеру іс-шаралары тура бір ай бойы жүргізілмек. Мұның бәрі аймақта кім өмір сүретінін, қоғамды қандай адамдар қоршап тұрғанын түсіну үшін керек.
"Біріншіден, Сарыағаш ауданында болған оқиғадан кейін бұл мәселені халықтың өзі көтеріп отыр. Осы Жібек жолы ауылында нашақорлық пен ішімдікке салыну фактілері көбейді. Сондықтан осындай іс-шара өткізуді жөн көрдік", – дейді Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тілеубердиев.
Атышулы іс бойынша тергеу жүріп жатыр, кісі өлтірді деген күдікті ұсталды.
"Тексеріс аяқтаған соң барлығын БАҚ өкілдеріне айтамыз. Қазір облыс бойынша талдау жүргізіліп жатыр, басты мәселе – адам не үшін қылмыс жасайды, себебі неде", - деп толықтырды Тілеубердиев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне Сарыағаш ауданындағы қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырған болатын. Президент қанішерге осы жылы шығарылған үкімнің заңдылығын қайта қарауды тапсырды. Іле-шала күдіктіге жеңіл үкім шығарған судья қызметінен босатылады.