Қоғам

Сарыағашта 5 жасар қызды өлтіріп кетті: Тоқаев тапсырма берді

© Официальный сайт Президента КазахстанаАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2023
Жазылу
Күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыздың өлтірілгені жөніндегі қайғылы оқиға туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорда.
Құқық қорғау органдары істі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталды.
Қолда бар ақпарат бойынша, күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл оған адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жөнінде үкім шығарылған.
Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. Тоқаев биыл шығарылған сот үкімінің заңдылығын қарастыру және адамға қатысты аса қауіпті қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту маңызды деп санайды.
Президент баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.
Еске салсақ, 13 шілдеде Сарыағаш полициясына жергілікті тұрғын 5 жасар қызы жоғалып кеткенін хабарлайды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыздың мәйітін тапты.
Полицейские форма - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2023
Түркістан облысында 5 жасар қызды айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды
Жаңалықтар
0