https://sputnik.kz/20230727/atyrauda-iri-munay-ondeu-kasiporyndarynan-20-tonnaga-zhuyq-prekursor-tabyldy-37064242.html
Атырауда ірі мұнай өңдеу кәсіпорындарынан 20 тоннаға жуық прекурсор табылды
Атырауда ірі мұнай өңдеу кәсіпорындарынан 20 тоннаға жуық прекурсор табылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ірі мұнай өңдеу кәсіпорындарынан... 27.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-27T21:50+0500
2023-07-27T21:50+0500
2023-07-27T21:50+0500
өңірлер
атырау
мұнай өңдеу зауыты
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1b/37064332_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_6450a58950c4d5e829842d529aabd5cc.jpg
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ірі мұнай өңдеу кәсіпорындарынан 20 тонна прекурсор тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.Полиция қызметкерлері "Дәрмек" жедел-профилактикалық шарасы барысында Атырау қаласындағы ірі мұнай өңдеу мекемелерінің зертханаларын тексерген.Нәтижесінде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 464-бабы бойынша (Лицензиялау нормаларын бұзу) – 2, ал 426-бабы (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) – 1 және 427-бабы (Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу) бойынша 2 дерек анықталды.Сондай-ақ Атырау қаласындағы ірі мұнай өңдеу кәсіпорындарынан 20 тоннаға жуық прекурсор тәркіленді. Құжаттар жинақталды, енді сараптама жасалады.Айта кетері, "Дәрмек" жедел алдын алу шарасы кезінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, сондай-ақ қызметі лицензиялауға жататын емдеу-профилактикалық дәріханалық, ветеринариялық, оқу және ғылыми-зерттеу ұйымдарының заңды айналымы саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеріс жүргізіледі.
https://sputnik.kz/20230719/uqk-almatyda-eki-esirtki-zertkhanasyn-zhoydy-36871558.html
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1b/37064332_150:0:1050:675_1920x0_80_0_0_446f74e4626a73fc087d244351c01acc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, мұнай өңдеу зауыты
атырау, мұнай өңдеу зауыты
Атырауда ірі мұнай өңдеу кәсіпорындарынан 20 тоннаға жуық прекурсор табылды
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ірі мұнай өңдеу кәсіпорындарынан 20 тонна прекурсор тәркіледі, деп хабарлайды
Polisia.kz. Полиция қызметкерлері "Дәрмек" жедел-профилактикалық шарасы барысында Атырау қаласындағы ірі мұнай өңдеу мекемелерінің зертханаларын тексерген.
Нәтижесінде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 464-бабы бойынша (Лицензиялау нормаларын бұзу) – 2, ал 426-бабы (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) – 1 және 427-бабы (Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу) бойынша 2 дерек анықталды.
Сондай-ақ Атырау қаласындағы ірі мұнай өңдеу кәсіпорындарынан 20 тоннаға жуық прекурсор тәркіленді. Құжаттар жинақталды, енді сараптама жасалады.
Айта кетері, "Дәрмек" жедел алдын алу шарасы кезінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, сондай-ақ қызметі лицензиялауға жататын емдеу-профилактикалық дәріханалық, ветеринариялық, оқу және ғылыми-зерттеу ұйымдарының заңды айналымы саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеріс жүргізіледі.