Өңірлер

ҰҚК Алматыда екі есірткі зертханасын жойды

© Photo : ҚР ҰҚК баспасөз қызметіҰҚК Алматыда екі есірткі зертханасын жойды
ҰҚК Алматыда екі есірткі зертханасын жойды 

 - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген шаралар нәтижесінде 2 есірткі зертханасы мен химиялық прекурсорлардың ірі қоймасы жойылды.
ҰҚК ақпаратынша, 10 келіден аса "мефедрон" синтетикалық есірткі, 15 тоннаға жуық прекурсор, сонымен қатар 4-5 есірткі зертханасын іске қосуға мүмкіндік беретін арнайы құралдар тәркіленді.
Республиканың 4 азаматы есірткі дайындап жатқан жерінен ұсталды. Олар қамауға алынды.
Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Жалпы жыл басынан бері ҰҚК 24 есірткі зертханасын, 20 халықаралық және 23 аймақтық есірткі арнасын жойып, 780 келі синтетикалық есірткі мен 68 тоннадан аса прекурсор тәркілеген.
Комитет есірткі және психотроптық заттар мен олардың аналогтарының заңсыз айналымына, сатылуына, сақталуына, әзірленуіне, өсірілуіне, өңделуіне және сатып алынуына қатысы бар қылмыстар үшін заң бойынша 3 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін атап өтті.
Қарағандыда синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2023
Қарағандыда есірткі дайындайтын зертхана анықталды
Жаңалықтар
0