https://sputnik.kz/20230727/almatyda-biznes-ortalygy-surilip-zhatyr-37045623.html
Алматыда бизнес орталығы сүріліп жатыр
Алматыда бизнес орталығы сүріліп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Алматыда сот шешімімен Ходжанов көшесінің шығысында, Экспериментальная көшесінің солтүстігіне қарай орналасқан төрт қабатты ғимарат... 27.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-27T10:44+0500
2023-07-27T10:44+0500
2023-07-27T10:44+0500
өңірлер
алматы
ғимарат
бизнес
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1b/37044648_0:370:960:910_1920x0_80_0_0_88762e7aa0836bc9a548d800d187adc7.jpg
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Алматыда сот шешімімен Ходжанов көшесінің шығысында, Экспериментальная көшесінің солтүстігіне қарай орналасқан төрт қабатты ғимарат сүріліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.Бизнес орталығы жоба сараптамасынсыз салынып, бекітілген Бас жоспардан ауытқып кеткен.Ғимаратты бұзу туралы талап-арыз Бостандық аудандық сотына 2020 жылы наурыз айында жіберілді, бірақ апелляциялық шағымдар мен істің жаңа жағдайларына байланысты сот талқылауы үш жылдан астам уақытқа созылды.2021 жылы мамырда меншік иесі жер учаскесін сатқаны анықталды. Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы келісімді заңсыз деп тану туралы талап-арыз берді.Сот мәмілені жарамсыз деп танып, бұзу туралы шешім өзгеріссіз қалды. Жоғарғы сот кассациялық шағымды қарағаннан кейін бұзу туралы шешім расталып, сот орындаушысы бұзу күнін белгіледі. Бірнеше жылдық сот талқылауынан кейін нысанды мәжбүрлеп бұзу басталды.
https://sputnik.kz/20230413/almatyda-iri-meyramkhana-surilip-zhatyr-33891499.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1b/37044648_0:280:960:1000_1920x0_80_0_0_4a65ef7ec74c5612fa274590c8176a28.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, ғимарат, бизнес
Алматыда бизнес орталығы сүріліп жатыр
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Алматыда сот шешімімен Ходжанов көшесінің шығысында, Экспериментальная көшесінің солтүстігіне қарай орналасқан төрт қабатты ғимарат сүріліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бизнес орталығы жоба сараптамасынсыз салынып, бекітілген Бас жоспардан ауытқып кеткен.
Ғимаратты бұзу туралы талап-арыз Бостандық аудандық сотына 2020 жылы наурыз айында жіберілді, бірақ апелляциялық шағымдар мен істің жаңа жағдайларына байланысты сот талқылауы үш жылдан астам уақытқа созылды.
2021 жылы мамырда меншік иесі жер учаскесін сатқаны анықталды. Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы келісімді заңсыз деп тану туралы талап-арыз берді.
Сот мәмілені жарамсыз деп танып, бұзу туралы шешім өзгеріссіз қалды. Жоғарғы сот кассациялық шағымды қарағаннан кейін бұзу туралы шешім расталып, сот орындаушысы бұзу күнін белгіледі. Бірнеше жылдық сот талқылауынан кейін нысанды мәжбүрлеп бұзу басталды.