https://sputnik.kz/20230413/almatyda-iri-meyramkhana-surilip-zhatyr-33891499.html
Алматыда ірі мейрамхана сүріліп жатыр
Алматыда ірі мейрамхана сүріліп жатыр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 13 сәуір – Sputnik. Алматыда Наурызбай ауданының Ақжар ықшам ауданында орналасқан ірі мейрамхана сот шешімімен сүрілді, деп хабарлады қалалық... 13.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-13T15:00+0500
2023-04-13T15:00+0500
2023-04-13T15:00+0500
алматы
мейрамхана
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0d/33887293_0:150:1600:1050_1920x0_80_0_0_77030fca8f6994264d63e49239c83bf6.jpg
АЛМАТЫ, 13 сәуір – Sputnik. Алматыда Наурызбай ауданының Ақжар ықшам ауданында орналасқан ірі мейрамхана сот шешімімен сүрілді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.Қала құрылысын бақылау басқармасының жоспардан тыс тексеруі кезінде мейрамхана рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқаны анықталған.Меншік иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 316-бабының 1-бөлігі, 321, 463-бөлігі 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс берілген."Мерзім өткеннен кейін меншік иесі ұсыным талаптарын орындамады. Қала құрылысын бақылау басқармасы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынып жатқан объектіні бұзу туралы талап арыз берді. 2022 жылдың 26 тамызында сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды", - дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.Алайда мейрамхана иесі апелляциялық шағым берген. 19 қазанда қалалық сот бірінші инстанциядағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бес айдан соң, яғни 13 сәуірде нысан сүріле бастады.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0d/33887293_0:0:1600:1200_1920x0_80_0_0_b3d1d85657750d90f481ee19705d3ee3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, мейрамхана
АЛМАТЫ, 13 сәуір – Sputnik. Алматыда Наурызбай ауданының Ақжар ықшам ауданында орналасқан ірі мейрамхана сот шешімімен сүрілді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қала құрылысын бақылау басқармасының жоспардан тыс тексеруі кезінде мейрамхана рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқаны анықталған.
Меншік иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 316-бабының 1-бөлігі, 321, 463-бөлігі 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс берілген.
"Мерзім өткеннен кейін меншік иесі ұсыным талаптарын орындамады. Қала құрылысын бақылау басқармасы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынып жатқан объектіні бұзу туралы талап арыз берді. 2022 жылдың 26 тамызында сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды", - дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Алайда мейрамхана иесі апелляциялық шағым берген. 19 қазанда қалалық сот бірінші инстанциядағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бес айдан соң, яғни 13 сәуірде нысан сүріле бастады.