Қоғам

Сәдуақас Байғабылов пара алды деген күдікке ілінді

© Photo : СЦКСәдуақас Байғабылов
Сәдуақас Байғабылов - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Ұлттық сараптама орталығы басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Сәдуақас Байғабылов орталық филиалы директорын басқа қызметке ауыстыру үшін 2,5 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді.
Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ұлттық сараптама орталығы Жетісу облыстық филиалының директоры Асхат Манкеев пен осы орталық төрағасының орынбасары Сәдуақас Байғабыловқа қатысты ұсынымын қарады.
"Сотқа дейінгі тергеу анықтағандай, Асхат Манкеев қызмет бойынша ауысу үшін өз бастығы – Ұлттық сараптама орталығы төрағасының экс-орынбасары Сәдуақас Байғабыловқа ақша берген", – деп атап өтті комитеттегілер.
Сәдуақас Байғабылов орталық басшысының орынбасары қызметінен 2023 жылғы 18 мамырда босатылғаны нақтыланды.
Еске салсақ, Асхат Манкеев биыл наурыз айында ұсталған. Бұрын денсаулық сақтау вице-министрі болған Ұлттық сараптама орталығының төрағасы Ерлан Қиясов оған қарсы түсінік берген.
Сәдуақас Байғабылов Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Алматы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы болып қызмет етті.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2023
Қоғам
Түркістан облысында басқарма басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді
Жаңалықтар
0