Қоғам

Түркістан облысында басқарма басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2023
Жазылу
Антикордың ақпаратынша, шенеунік 10 млн теңге пара алған
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
"Күдікті мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және цифрландыру қызметтерін көрсетуге, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқаны үшін 10 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Шарттың жалпы сомасы 280 млн теңгені құрайды", - делінген Антикор хабарламасында.
Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Арыстанбек Мухамедиулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2023
Экс-министрдің адвокаты мен жұбайы пара берді деген күдікке ілінді
Жаңалықтар
0