Өңірлер

Қытаймен шекарада миллиондаған теңге мен мыңдаған доллар алып өтпек болғандар ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. "ШЫХО-Қорғас" кеден бекетінде декларациясыз ірі сомада ақша тасымалдаудың бес фактісі анықталды, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті.
1-20 шілде аралығында кеден бекетінің қызметкерлері шекарашылармен бірлесіп, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын және қызметтік иттерді пайдалана отырып, декларациясыз жалпы сомасы 40,2 мың доллар, 17,8 млн теңге және 60 мың юань алып өтпек болған жеке тұлғаларды анықтады.
Барлық факті бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.
Айта кетері, Қазақстан Кеден кодексінің 343-бабы 1-тармағы 7) тармақшасына сәйкес, егер ЕАЭО кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе ЕАЭО кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде қолма-қол ақшаның және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады.
Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті президенттің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 жарлығына сәйкес 10 000 мың АҚШ долларынан асатын сомада қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынғанын еске салды.
Қорғас - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Қорғас арқылы шекарадан 1 айда 360 мыңнан астам адам өтті
Жаңалықтар
0