Қорғас арқылы шекарадан 1 айда 360 мыңнан астам адам өтті

© PhotoҚорғас
Қорғас - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 12 маусым - Sputnik. Үш жылдан кейін қайта ашылған Қорғас арқылы 1 айда шекарадан 360 мыңнан астам адам өтті.
Бұл туралы Қытайдың Алматыдағы Бас консулы журналистермен өткен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Қорғас" халықаралық орталығы арқылы Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыс дамып жатыр. Алдағы уақытта келушілер саны бұдан да көп болатыны хақ. Қазірдің өзінде күніне 12 мыңға жуық адам келіп жүр. Ынтымақтастық орталығы бажсыз сауданы, оффшорлық қаржыландыру мен туризмді, сондай-ақ көрмелерді дамытуға күш салды. Қорғастың Қытай бөлігінде бүгінде 35 жаңа жоба әзірленіп, соның 15-і іске асырылған", – деді Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас консулы Цзян Вэй.
Қорғас шекарасындағы Қытай базарынан қазақстандықтар 1 айда 31 келіден артық тауар алып кете алмайды. Заттардың жалпы құны мың еуродан аспауы керек.
Сатып алушылар автобусқа өзімен 5 келі жүк қана алып кіреді. Ал қалғанын әуежайдағыдай жүк тасымалдау пунктіне тапсыруға міндетті.
Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы  АҚ / әлеуметтік желілердегі аккаунты - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2023
Экономика
"Қорғас" халықаралық орталығының акциялары республикалық меншіктен шығарылды
Жаңалықтар
0