https://sputnik.kz/20230726/qazaqstanda-galymdarga-gylymi-atagy-ushin-qansha-ustemaqy-tolenedi-37008736.html
Қазақстанда ғалымдарға ғылыми атағы үшін қанша үстемақы төленеді
Қазақстанда ғалымдарға ғылыми атағы үшін қанша үстемақы төленеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі ғалымдарға ғылыми атағы үшін қанша үстемақы төленетінін жариялады. 26.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-26T10:39+0500
2023-07-26T10:39+0500
2023-08-11T11:35+0500
білім
ғалымдар
жалақы
үстемеақы
https://sputnik.kz/img/523/54/5235442_0:0:2017:1134_1920x0_80_0_0_5296bb5e8e3d570d6f765cf7124d1974.jpg
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі ғалымдарға ғылыми атағы үшін қанша үстемақы төленетінін жариялады.Айта кетейік, 2023 жылдың 1 қаңтарында ғылыми ұйым қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 18%-ке артты. Бұдан бөлек, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы 18%-ке, ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан 17%-ке көбейетін болады.Сонымен қатар "Қазақстан Республикасының ғылым мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында көзделген норма аясында ғылыми атағы бар ғылыми қызметкерлерге үстемеақы мөлшерін арттыру көзделген.Биылдан бастап ғылыми атақ болған кезде мынадай мөлшерде үстемеақы белгілеу көзделіп отыр:Атап өтсек, үстемақылар тиісті диплом немесе білім туралы құжатты тану туралы куәлік болған жағдайда негізгі жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады.
https://sputnik.kz/20230723/zhogary-oqu-oryndarynyn-oqytushylary-men-aleumettik-qyzmetkerlerdin-zhalaqysy-osedi-36941528.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/523/54/5235442_45:0:1844:1349_1920x0_80_0_0_c4d8b1c07cfe455046866f6c09423a48.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ғалымдар, жалақы, үстемеақы
ғалымдар, жалақы, үстемеақы
Қазақстанда ғалымдарға ғылыми атағы үшін қанша үстемақы төленеді
10:39 26.07.2023 (жаңартылды: 11:35 11.08.2023) АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі ғалымдарға ғылыми атағы үшін қанша үстемақы төленетінін жариялады.
Айта кетейік, 2023 жылдың 1 қаңтарында ғылыми ұйым қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 18%-ке артты. Бұдан бөлек, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы 18%-ке, ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан 17%-ке көбейетін болады.
Сонымен қатар "Қазақстан Республикасының ғылым мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында көзделген норма аясында ғылыми атағы бар ғылыми қызметкерлерге үстемеақы мөлшерін арттыру көзделген.
Биылдан бастап ғылыми атақ болған кезде мынадай мөлшерде үстемеақы белгілеу көзделіп отыр:
Ғылым кандидаты, философия докторы және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессор үшін 25 еселенген АЕК (бұрын 17 АЕК);
Ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессор үшін 42 еселенген АЕК (бұрын 34 АЕК);
Ғылым кандидаты, философия докторы, бейіні бойынша доктор, ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар профессор үшін 50 еселенген АЕК (бұрын 17 АЕК).
Атап өтсек, үстемақылар тиісті диплом немесе білім туралы құжатты тану туралы куәлік болған жағдайда негізгі жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады.