https://sputnik.kz/20230723/zhogary-oqu-oryndarynyn-oqytushylary-men-aleumettik-qyzmetkerlerdin-zhalaqysy-osedi-36941528.html
Жоғары оқу орындарының оқытушылары мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өседі
Жоғары оқу орындарының оқытушылары мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өседі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 шілде - Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың... 23.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-23T09:23+0500
2023-07-23T09:23+0500
2023-07-23T09:26+0500
қоғам
жалақы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
АСТАНА, 23 шілде - Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Құжатта жазылғандай, енді мына мамандардың жалақысы өседі:Қаулыға сай, аталған санаттағы қызметкерлердің лауазымдық айлықтары енді келесі коэффициенттерді қолдана отырып есептеледі:Ал қорғаныс министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысы мына коэффициенттерді қолдана отырып көтеріледі:Қаулы 1 тамыздан бастап күшіне енеді және ол биыл 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
https://sputnik.kz/20230411/duley-zilzalalardyn-qaupin-azaytu-ortalygynyn-qyzmetkerleri-qansha-zhalaqy-alady-33785414.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы
Жоғары оқу орындарының оқытушылары мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өседі
09:23 23.07.2023 (жаңартылды: 09:26 23.07.2023) АСТАНА, 23 шілде - Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құжатта жазылғандай, енді мына мамандардың жалақысы өседі:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан басқа білім беру ұйымдарының педагогтері:
мәдениет және өнер саласындағы ерекше мәртебесі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамын және басшы қызметкерлері;
стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналының жұмыскерлері;
медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда, азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйым қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорын жұмыскерлері.
Қаулыға сай, аталған санаттағы қызметкерлердің лауазымдық айлықтары енді келесі коэффициенттерді қолдана отырып есептеледі:
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45 мөлшерінде;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71 мөлшерінде;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде.
Ал қорғаныс министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысы мына коэффициенттерді қолдана отырып көтеріледі:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,32 мөлшерінде;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,74 мөлшерінде;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 3,2 мөлшерінде.
Қаулы 1 тамыздан бастап күшіне енеді және ол биыл 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.