https://sputnik.kz/20230411/duley-zilzalalardyn-qaupin-azaytu-ortalygynyn-qyzmetkerleri-qansha-zhalaqy-alady-33785414.html
Дүлей зілзалалардың қаупін азайту орталығының қызметкерлері қанша жалақы алады
Дүлей зілзалалардың қаупін азайту орталығының қызметкерлері қанша жалақы алады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту орталығы... 11.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-11T10:43+0500
2023-04-11T10:43+0500
2023-04-11T10:43+0500
зілзала
жалақы
https://sputnik.kz/img/old/839/31/8393159_0:197:2941:1851_1920x0_80_0_0_3fba2fd64f6410b40edf36dc72ef40c0.jpg
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту орталығы мамандарының жалақысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Халықаралық орталық Қазақстан мен Қырғызстанның бастамасымен 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Әрбір мемлекет оған бес адамнан жіберіп отырады. Барлығы – төтенше жағдайлар министрліктерінің қызметкері. Олардың қызметтік мәртебесі мен еңбек өтілі сақталады, ал жалақысы халықаралық нормалар бойынша төленеді.Вице-министр орталыққа мамандарды іріктеу тәртібін де түсіндірді. Оның айтуынша, халықаралық ұйымдармен жұмыс істеу тәжірибесі бар қызметкерлер іріктеледі. Бүгінде министрлікте халықаралық ынтымақтастық департаменті бар, көбінесе, осы құрылымның мамандары жіберіледі.Айта кетері, бүгін сенат депутаттары"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында оның болу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды мақұлдады. Орталық Алматы қаласында орналасқан. Алдағы уақытта орталыққа басқа да мемлекеттер кіреді деген жоспар бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/839/31/8393159_104:0:2835:2048_1920x0_80_0_0_9be0c5057e691cf44e937b000c16eb77.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зілзала, жалақы
Дүлей зілзалалардың қаупін азайту орталығының қызметкерлері қанша жалақы алады
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту орталығы мамандарының жалақысын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Халықаралық орталық Қазақстан мен Қырғызстанның бастамасымен 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Әрбір мемлекет оған бес адамнан жіберіп отырады. Барлығы – төтенше жағдайлар министрліктерінің қызметкері. Олардың қызметтік мәртебесі мен еңбек өтілі сақталады, ал жалақысы халықаралық нормалар бойынша төленеді.
"Жалақының көлемі лауазымына қарай төленеді. Мысалы, директоры үш жыл сайын ауысып отырады. Оның айлығы – 2 900 АҚШ доллары. Ал қызметкерлердің жалықысы 1 500 - 1 700 долларды құрайды", - деді Күлшімбаев сенатта өткен брифингте.
Вице-министр орталыққа мамандарды іріктеу тәртібін де түсіндірді. Оның айтуынша, халықаралық ұйымдармен жұмыс істеу тәжірибесі бар қызметкерлер іріктеледі. Бүгінде министрлікте халықаралық ынтымақтастық департаменті бар, көбінесе, осы құрылымның мамандары жіберіледі.
Айта кетері, бүгін сенат депутаттары"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында оның болу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды мақұлдады. Орталық Алматы қаласында орналасқан. Алдағы уақытта орталыққа басқа да мемлекеттер кіреді деген жоспар бар.