https://sputnik.kz/20230726/barakholkadagy-zhol-apaty-zhasospirimnin-zhagdayy-belgili-boldy-37009590.html
Барахолкадағы жол апаты: жасөспірімнің жағдайы белгілі болды
Барахолкадағы жол апаты: жасөспірімнің жағдайы белгілі болды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Алматыдағы Барахолка базарында жүк көлігі қаққан жасөспірімнің жағдайы ауыр, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасының... 26.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-26T11:18+0500
2023-07-26T11:18+0500
2023-08-10T11:59+0500
алматы
жол апаты
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748099_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_63387d25cc6438beadf8472da9c5d733.jpg
АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Алматыдағы Барахолка базарында жүк көлігі қаққан жасөспірімнің жағдайы ауыр, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.Жол апатының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Үш баласын жетектеп жүгірген отбасы базарда жолды заңсыз жерден кесіп өтеді. Ағылған көліктен кері қашқанда, әйелдің жетегіндегі жасөспірім қызды жүк көлігі қағып кеткен.Дәрігерлердің айтуынша, қыздың жағдайы ауыр."Науқас жабық ми жарақатын алған, миы шайқалған. Жұмсақ тіндері көгерген. Сол жақтағы парието-оксипитальды аймақтың тері астында қан ұйыған. Оң жаңында тізе буынының, сол жақта шынтақ буынының, оң жақта қолдың көгерген абразиясы бар. Оң жақ жамбасы қатты соққыдан көгерген", - дейді дәрігерлер.Науқас нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды.Жол апаты жазылған бейнежазба қоғамда көптеген пікір тудырды. Басым көпшілігі жолды заңсыз жерден топты баламен кесіп өткен анасын кіналады. Еске сала кетейік, оқиға 25 шілдеде Алматының Барахолка базарының маңында болды.
https://sputnik.kz/20230725/almatyda-otbasymen-birge-zholdy-kesip-otpek-bolgan-balany-zhuk-koligi-qagyp-ketti-37002216.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748099_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_c977060f657357e3c337c7b8ec60e015.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жол апаты
Барахолкадағы жол апаты: жасөспірімнің жағдайы белгілі болды
11:18 26.07.2023 (жаңартылды: 11:59 10.08.2023) АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Алматыдағы Барахолка базарында жүк көлігі қаққан жасөспірімнің жағдайы ауыр, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Жол апатының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Үш баласын жетектеп жүгірген отбасы базарда жолды заңсыз жерден кесіп өтеді. Ағылған көліктен кері қашқанда, әйелдің жетегіндегі жасөспірім қызды жүк көлігі қағып кеткен.
"15 жастағы науқас Алматының "Балалар шұғыл медициналық көмек орталығына" түсті. Көлік соққан кезде жасөспірім бірнеше метрге ұшып кеткен, басы асфальтқа соғылған. Қабылдау бөлімшесінің жағдайында клиникалық-зертханалық зерттеулер және мамандардың консультациялары жүргізілді", - дейді ведомство.
Дәрігерлердің айтуынша, қыздың жағдайы ауыр.
"Науқас жабық ми жарақатын алған, миы шайқалған. Жұмсақ тіндері көгерген. Сол жақтағы парието-оксипитальды аймақтың тері астында қан ұйыған. Оң жаңында тізе буынының, сол жақта шынтақ буынының, оң жақта қолдың көгерген абразиясы бар. Оң жақ жамбасы қатты соққыдан көгерген", - дейді дәрігерлер.
Науқас нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды.
Жол апаты жазылған бейнежазба қоғамда көптеген пікір тудырды. Басым көпшілігі жолды заңсыз жерден топты баламен кесіп өткен анасын кіналады. Еске сала кетейік, оқиға 25 шілдеде Алматының Барахолка базарының
маңында болды.