Алматыда отбасымен бірге жолды кесіп өтпек болған баланы жүк көлігі қағып кетті

© Photo : Rico_LoebАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Алматыдағы Барахолка базарының маңында жүк көлігі жас қызды қағып кетті, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты 25 шілдеде болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Үш баласын жетектеп жүгірген отбасы жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтеді. Ағылған көліктен кері қашқанда, әйелдің жетегіндегі жасөспірім қызды жүк көлігі қағып өтеді. Қатты соққыдан ұшып кеткен қызға ер адам көмекке жүгіреді. Оның жетегінде де бала болды.
"Сағат 15:00 шамасында Жетісу ауданында Мерседес маркалы көліктің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан жаяу жүргінші жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнын Жетісу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеріп жатыр. Қажетті сараптамалар жасалады", - дейді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.
Мужчину насмерть сбил внедорожник на Кульджинском тракте - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2023
Өңірлер
Көкшетауда 5 жасар баланы көлік қағып кетті
Жаңалықтар
0