https://sputnik.kz/20230721/kokshetauda-5-zhasar-balany-kolik-qagyp-ketti-36930031.html
Көкшетауда 5 жасар баланы көлік қағып кетті
Көкшетауда 5 жасар баланы көлік қағып кетті
Sputnik Қазақстан
КӨКШЕТАУ, 21 шілде – Sputnik. Көкшетауда 5 жасар баланы көлік қағып кетті. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz. 21.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-21T19:41+0500
2023-07-21T19:41+0500
2023-08-10T11:59+0500
өңірлер
көкшетау
жол апаты
https://sputnik.kz/img/547/68/5476843_0:0:1032:581_1920x0_80_0_0_d53b773868fa5e58dce0f0cea2de89b0.jpg
КӨКШЕТАУ, 21 шілде – Sputnik. Көкшетауда 5 жасар баланы көлік қағып кетті. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.Полицияның мәліметінше, 20 шілде күні сағат 18.52-де Көкшетау қаласы полиция басқармасына дәрігерлерден ауыр соққыдан зардап шеккен 5 жасар баланың ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен.Ол жабық бас-ми жарақатын алған, миы шайқалған, төменгі жағы сынған, төменгі ерні жырылған.Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары орталық базар аумағында 5 жасар баланы көлік қағып кеткенін анықтады.Жол-көлік оқиғасына кінәлі азамат – Солтүстік Қазақстан облысының 49 жастағы тумасы. Тексеру барысында анықталғандай, Toyota Avensis жүргізушісі базар аумағынан шығып бара жатып, баланың жолға қалай жүгіріп шыққанын көрмеген және соққының салдарынан бүлдіршін артқа қарай ұшып кеткен. Бала ата-анасының артынан жүріп келе жатқан. Осы фактіге қатысты полицейлер Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сараптама тағайындалды.
https://sputnik.kz/20230703/qaragandy-oblysynda-deputat-balalardy-qagyp-ketti-36510615.html
көкшетау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/547/68/5476843_169:0:944:581_1920x0_80_0_0_8d85ddc4e5921d9fba924f2da1dc8938.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкшетау, жол апаты
Көкшетауда 5 жасар баланы көлік қағып кетті
19:41 21.07.2023 (жаңартылды: 11:59 10.08.2023) КӨКШЕТАУ, 21 шілде – Sputnik. Көкшетауда 5 жасар баланы көлік қағып кетті. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Полицияның мәліметінше, 20 шілде күні сағат 18.52-де Көкшетау қаласы полиция басқармасына дәрігерлерден ауыр соққыдан зардап шеккен 5 жасар баланың ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен.
Ол жабық бас-ми жарақатын алған, миы шайқалған, төменгі жағы сынған, төменгі ерні жырылған.
Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары орталық базар аумағында 5 жасар баланы көлік қағып кеткенін анықтады.
Жол-көлік оқиғасына кінәлі азамат – Солтүстік Қазақстан облысының 49 жастағы тумасы. Тексеру барысында анықталғандай, Toyota Avensis жүргізушісі базар аумағынан шығып бара жатып, баланың жолға қалай жүгіріп шыққанын көрмеген және соққының салдарынан бүлдіршін артқа қарай ұшып кеткен. Бала ата-анасының артынан жүріп келе жатқан.
Осы фактіге қатысты полицейлер Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сараптама тағайындалды.