Қарағанды облысында депутат балаларды қағып кетті

© Sputnik / Абзал КалиевДәрітамызғыш
Дәрітамызғыш - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Amanat партиясының Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы филиалының төрағасы екі жасөспірім мен бірнеше малды көлігімен қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 2 маусымда Бұқар жырау ауданы Ботақара – Доскей жолына жақын маңда болған. Жол талғамайтын көлікті тізгіндеген 33 жастағы әйел екі бірдей бала мен малды қағып кеткен.
"Көлік жүргізіп келе жатқан әйел жолдан өтіп бара жатқан малды соққан. Сосын рөлді басқара алмай, 8 және 16 жастағы екі баланы соққан. Екі бала мотоциклде отырған. Апат салдарынан жасөспірімдер медициналық мекемеге жатқызылды", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі күні сараптама жасалып, тергеу жүріп жатыр.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалардың жағдайы ауыр.
"2005 жылғы науқастың миы жарақаттанып, шайқалған. Оң жақ жамбас сүйегі шытынаған. Бұдан басқа да көптеген дене жарақатын алған. 2014 жылы туған екінші баланың денесінде де бірнеше жарақат бар. Санавиациямен балалар хирургі шақырылды. Балалар аудандық аурухананың хирургиялық бөліміне жатқызылды. Балалардың жағдайы ауыр", - дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Улица Панфилова в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2021
Қоғам
Рөлде шенеуніктің ұлы болған: Нұр-Сұлтанда жетім баланы көлік қағып кетті  
Жаңалықтар
0