Өңірлер

Мәйітті әжетханаға көміп, үстіне сарай тұрғызған: Шымкентте екі жыл бұрынғы қылмыс ашылды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 шілде - Sputnik. Шымкентте екі жыл бұрын болған қылмыстың беті ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші ауданының тұрғыны 2 жыл бұрын 32 жастағы ұлының жоғалып кеткенін айтып, полицияға шағымданған.
"Анасы ер адамның екі апта бұрын үйден шығып, қайтып оралмағанын айтты. Хабар-ошарсыз кеткен азаматтың жүрген жерін анықтау мақсатында криминалдық полиция қызметкерлері кешенді шаралар жүргізді. Ер адамның сыртқы келбетін сипаттайтын бағдарлар қалалық полиция департаментінің басқармаларына, сондай-ақ еліміздің барлық аймақтарындағы полиция бөлімдеріне жолданды", - дейді ведомство.
Алайда іздеу жұмыстары нәтиже бермеген. Тек 2 жылдан кейін ғана қылмыстың беті ашылған.
"Кездейсоқ куәгердің жауабына сәйкес, азаматтың жоғалып кетуіне інісінің қатысы бары анықталды. Отбасылық жанжал кезінде ол өгей бауырын арматурамен бірнеше рет ұрып, өлтіргені анықталды. Өгей ағасының мас күйінде анасымен жанжалдасатыны оны осындай әрекетке итермелеген. Аса ауыр қылмыстың ізін жасыру үшін қаскүнем мәйітті сырттағы дәретханаға тастап, шұңқырды бетонмен толтырып, үстіне шағын сарай тұрғызған", - дейді полиция.
Күдікті қамауға алынды. Еңбекші аудандық полиция бөлімінің тергеушілері қылмыстық істі сотқа жолдады.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Шығыс Қазақстанда туған анасын аяусыз өлтірген жасөспірімге сот үкімі шықты
Жаңалықтар
0