Шығыс Қазақстанда туған анасын аяусыз өлтірген жасөспірімге сот үкімі шықты

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 24 шілде - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында анасын өлтірген 15 жастағы жасөспірімге сот үкімі шықты, деп хабарлайды YK-news.kz.
Қылмыскер – отбасындағы үш баланың кенжесі. Әке-шешесі ажырасып, балалар атасы мен әжесінің қолында тәрбиеленген. Алайда балалар сабақты жақсы оқыған. Анасы облыс орталықтарында құрылыста жұмыс істеген. Демалыс күндері балаларының жанына келіп жүрген екен.
Анасы жаман әдеті жоқ адам болған. Алайда үш ұлының кішісі токсикоман болып шығады. Баласының бұл әдетімен бүкіл отбасы болып күрескенмен, еш нәтиже шықпаған.
Жұма күні әдеттегідей аналары жұмыстан келе жатып, токсикоман ұлын кездестіріп қалады. Ашуға булығып ұрысқан екен. Ана мен бала арасында жанжал шығады. Миы тұманданған жасөспірім анасын таспен басынан ұра жөнелген. Қозғалмай қалған анасының денесін арбаға салып, көметін жер іздейді. Артынша ауылдағы иесіз қалған үйге апарып, ұялы телефон, сөмкесімен қосып, көміп тастаған екен.
Жұмыстан кешігіп келіп көрмеген анасын екінші ұл шарқ ұрып іздей бастайды. Ажырасқан күйеуі де үш апта бойы іздеумен жүреді. Іздеушілердің қатарында қатыгез үшінші ұл да болған. Әйел табылмағандықтан, іздеу жұмыстары тоқтап қалған екен.
Арада 5 ай өткен соң әйелдің денесі көмілген үйдің иесі үйін тексеріп кетуге келеді. Сол сәт үй ауласында қазылған шұңқырдан сөмкенің шетін көріп қалады, дереу полиция шақырады. Мәйіттің жанынан әйелдің баласының киімдері табылған.
Жасөспірім сотта анасын көмгенде әлі де тірі болғанын мойындады. Тіпті сол күні облыс орталығы Өскеменге барып, қыдырып-тойлап та келгенін айтқан.
Тергеуге қатыгез жасөспірім әкесімен келіп жүрген. Психологиялық сараптама кісі өлтіру кезінде жасөспірім мас болғанын, бірақ есін толық білетінін анықтады. Бүкіл отбасы қатысқан сот жабық түрде өтті. Ең үлкен туған ағасы жасөспірімге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұрады.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сот жасөспірімнің аса ауыр қылмыс жасағанын назарға алып, 10 жылға кәмелетке толмағандар колониясында жазасын өтеу туралы үкім шығарды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2023
Әкімдік қызметкерін пышақтап өлтірген қылмыскердің жаза мерзімі ұзартылды
Жаңалықтар
0