https://sputnik.kz/20230720/akimdik-qyzmetkerin-pyshaqtap-oltirgen-qylmyskerdin-zhaza-merzimi-uzartyldy-36896959.html
Әкімдік қызметкерін пышақтап өлтірген қылмыскердің жаза мерзімі ұзартылды
Әкімдік қызметкерін пышақтап өлтірген қылмыскердің жаза мерзімі ұзартылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Ақтөбеде облыстық әкімдік қызметкерін 35 жерден пышақтап өлтірген қылмыскердің жазасын қатаңдатуға шешім қабылданды, деп хабарлайды... 20.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-20T11:12+0500
2023-07-20T11:12+0500
2023-07-20T11:12+0500
қылмыс
https://sputnik.kz/img/1023/14/10231405_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_bc07c96e8a03a95c233c816ee99dc0b3.jpg
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Ақтөбеде облыстық әкімдік қызметкерін 35 жерден пышақтап өлтірген қылмыскердің жазасын қатаңдатуға шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап.Марқұмның туыстары бірінші инстанцияда шығарылған жазамен бірден келіспеген. Өйткені сот қылмыстық істегі аса қатыгездікпен деген бапты алып тастап, тек адам өлтіргені үшін соттап жіберген. Бірақ қаскөй марқұмды пышақтаған соң, ес-түссіз қансырап жатқанда тағы мойнынан осып жіберген. Сосын денесін жүксалғышқа тығып, онымен екі күн жүрген. Сараптама қылмыскердің психикалық ауытқуы жоқ деген қорытынды шығарды.Апелляциялық алқа бұған дейін 11 жылға сотталған қылмыскерді жазасын тағы төрт жылға ұзартуға шешім қабылдады. Осылайша, екі баласы бар әйелді өлтірген сотталушы 15 жылға бас бостандығынан айырылдыАйта кетері, бұл оқиға төрт ай бұрын болған. Қылмыскер мен жалғызбасты ана ғаламторда танысқан. Жігіт өзін бойдақ және әйелден 6 жас үлкен екенін айтады. Алайда ақырғы кездесуінде марқұм көңілдесінің отбасылы екенін ұялы телефонындағы суреттерден біліп қойған. Содан жанжал шыққан. Облыстық әкімдікте жұмыс істейтін әйелдің көңілдесі көлігінің суырмасында жатқан пышақты алып, әйелге 35 жерінен сұққан.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1023/14/10231405_78:0:1785:1280_1920x0_80_0_0_7d0282cdd968699b6eea683ed1a5b02e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыс
Әкімдік қызметкерін пышақтап өлтірген қылмыскердің жаза мерзімі ұзартылды
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Ақтөбеде облыстық әкімдік қызметкерін 35 жерден пышақтап өлтірген қылмыскердің жазасын қатаңдатуға шешім қабылданды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан КТК арнасына
сілтеме жасап.
Марқұмның туыстары бірінші инстанцияда шығарылған жазамен бірден келіспеген. Өйткені сот қылмыстық істегі аса қатыгездікпен деген бапты алып тастап, тек адам өлтіргені үшін соттап жіберген. Бірақ қаскөй марқұмды пышақтаған соң, ес-түссіз қансырап жатқанда тағы мойнынан осып жіберген. Сосын денесін жүксалғышқа тығып, онымен екі күн жүрген. Сараптама қылмыскердің психикалық ауытқуы жоқ деген қорытынды шығарды.
Апелляциялық алқа бұған дейін 11 жылға сотталған қылмыскерді жазасын тағы төрт жылға ұзартуға шешім қабылдады. Осылайша, екі баласы бар әйелді өлтірген сотталушы 15 жылға бас бостандығынан айырылды
Айта кетері, бұл оқиға төрт ай бұрын болған. Қылмыскер мен жалғызбасты ана ғаламторда танысқан. Жігіт өзін бойдақ және әйелден 6 жас үлкен екенін айтады. Алайда ақырғы кездесуінде марқұм көңілдесінің отбасылы екенін ұялы телефонындағы суреттерден біліп қойған. Содан жанжал шыққан. Облыстық әкімдікте жұмыс істейтін әйелдің көңілдесі көлігінің суырмасында жатқан пышақты алып, әйелге 35 жерінен сұққан.