Талғар маңындағы бөгет қалпына келтірілді

© Photo : Төтенше жағдайлар министрлігіТалғар маңындағы бөгет қалпына келтірілді
Талғар маңындағы бөгет қалпына келтірілді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 24 шілде –Sputnik. Алматы облысы Талғар маңындағы бөгет бір тәулік ішінде қалпына келтірілді. Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Судың максималды шығыны секундына 37,8 метрді, бұлдырлығы 4 баллды құрады.
7 КамАз ағаш діңі мен 15 КамАз үйінді шығарылды.
"Талғар бөгеті Талғар қаласынан 5 км жерде орналасқан. Бөрене ұстағыш Талғар бөгетінің үстінде 350 метр қашықтықта орналасқан. Бөрене ұстағыштың ұзындығы-5,5 метрді, ені-5,5-6,0 метрді құрайды. Бөгет жоғарғы бьефтен қойтастармен нығайтылған", - делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, бөрене ұстағыштың негізгі қызметі – бөренелерді, ағаш тамырлары мен діңдерін, бұтақтарды және басқа қалқымалы қоқыстарды ұстау.
Іле-Алатау аумақтық пайдалану техникалық басқармасы филиалы өз күштерімен шұңқырды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта су ағыны транзиттік режимде өтуде.
Еске сала кетейік, 21 шілдеде болған сел салдарынан бөрене ұстағыштың су өткізгіш құрылымы бітеліп, жер бөгетінің оң жағын шайып өтті. Салдарынан ұзындығы 5,5 метр, ені 3 метр, тереңдігі 1,2 метр, көлемі 20 текше метр болатын шұңқыр пайда болды.
Село затопило из-за обильных осадков на юге Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2023
Министрлік Талғар өзенінің тасуы туралы: облыс аумағында жағдай тұрақты
Жаңалықтар
0