https://sputnik.kz/20230722/ministrlik-talgar-ozeninin-tasuy-turaly-oblys-aumagynda-zhagday-turaqty-36934664.html
Министрлік Талғар өзенінің тасуы туралы: облыс аумағында жағдай тұрақты
Министрлік Талғар өзенінің тасуы туралы: облыс аумағында жағдай тұрақты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 21 шілде – Sputnik. Алматы облысы Талғар өзеніндегі су деңгейі төмендеді. Өзенде кезекшілік және мониторинг жалғасып жатыр. Халыққа қауіп төніп тұрған... 22.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-22T12:42+0500
2023-07-22T12:42+0500
2023-07-22T12:56+0500
талғар
су тасқыны
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07e7/07/15/36930742_0:296:768:728_1920x0_80_0_0_e7b56f64d77bf0f74eea947a8032ec2a.jpg
АЛМАТЫ, 21 шілде – Sputnik. Алматы облысы Талғар өзеніндегі су деңгейі төмендеді. Өзенде кезекшілік және мониторинг жалғасып жатыр. Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.21 шілде күні Алматы облысында нөсер жаңбыр салдарынан су деңгейі көтерілген еді. Талғар өзені бойындағы Үлкен поляна өлшеу стансасының мәліметінше, биік таулы аймақтарда жауған жауын-шашын салдарынан Сол Талғар өзеніндегі су деңгейі секундына 18 текше метрге көтерілген.Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік өзенінің бассейніндегі селден тас жолдың төсемі шайылып кеткен. 21 шілдеде сағат 21:00-де Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Орман шаруашылығы қызметкерлерінен орманшының үйінде 9 турист пен 1 орманшы жол қатынасынсыз қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.Күндіз олар орманшының үйінде болған, кейіннен байланыс болмаған. Хабарлама келіп түскен сәттен бастап Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының және республикалық жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдарынан 11 адам мен 3 техникасы жұмылдырылды.
талғар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/15/36930742_0:224:768:800_1920x0_80_0_0_2ca2dd80871c12834247e7521118e9df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
талғар, су тасқыны, төтенше жағдай
талғар, су тасқыны, төтенше жағдай
Министрлік Талғар өзенінің тасуы туралы: облыс аумағында жағдай тұрақты
12:42 22.07.2023 (жаңартылды: 12:56 22.07.2023) АЛМАТЫ, 21 шілде – Sputnik. Алматы облысы Талғар өзеніндегі су деңгейі төмендеді. Өзенде кезекшілік және мониторинг жалғасып жатыр. Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
21 шілде күні Алматы облысында нөсер жаңбыр салдарынан су деңгейі көтерілген еді. Талғар өзені бойындағы Үлкен поляна өлшеу стансасының мәліметінше, биік таулы аймақтарда жауған жауын-шашын салдарынан Сол Талғар өзеніндегі су деңгейі секундына 18 текше метрге көтерілген.
Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік өзенінің бассейніндегі селден тас жолдың төсемі шайылып кеткен. 21 шілдеде сағат 21:00-де Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Орман шаруашылығы қызметкерлерінен орманшының үйінде 9 турист пен 1 орманшы жол қатынасынсыз қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Күндіз олар орманшының үйінде болған, кейіннен байланыс болмаған. Хабарлама келіп түскен сәттен бастап Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының және республикалық жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдарынан 11 адам мен 3 техникасы жұмылдырылды.