https://sputnik.kz/20230724/qaragandyda-10-turgyn-uy-kesheninin-qurylysy-toqtatyldy-36958059.html
Қарағандыда 10 тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды
Қарағандыда 10 тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Қарағандыда сот шешімімен 10 тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды. Жоспардан тыс тексеріс кезінде құрылыс компанияларының рұқсат... 24.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-24T13:36+0500
2023-07-24T13:36+0500
2023-07-24T13:36+0500
өңірлер
қарағанды
тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33854240_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_eb73ceca7168571c26521d9186b08ad8.jpg
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Қарағандыда сот шешімімен 10 тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды. Жоспардан тыс тексеріс кезінде құрылыс компанияларының рұқсат құжаттары болмағаны анықталды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің ресми сайты.Жауапсыз құрылыс салушыларды мониторинг барысында Қарағанды қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі анықтаған.Егер ескертулер жойылмаса, нысан пайдалануға жіберілмейді және қабылдау актісін алмайды.Жауапсыз құрылыс салушылар тізіміне мына компаниялар кірді:Әкімдіктің ақпаратынша, қазір экономикалық сотта үш тұрғын үй кешенін өз еркімен салу деп тану туралы талап-арыздар қаралып жатыр. Бұл Al-Farabi ТК (құрылыс салушы "Т-К Building" ЖШС), "Хан" ТК (құрылыс салушы "ТТ-Инвест" ЖШС) және "Нұра" ТК (құрылыс салушы "Satti Lux Stroy" ЖШС).Сондай-ақ, үлескерлердің қаражатын заңсыз тартқаны үшін 15 компанияға 320-бап бойынша айыппұл салынды. Толық тізіммен мына жерден танысуға болады. Қазір облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қарауында осындай заңбұзушылықтар тіркелген тағы екі компания бар.
https://sputnik.kz/20230721/astana-qurylysy-uzaq-30-turgyn-uy-kesheni-36922872.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33854240_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_e7d51e7729d2e45534eb634fd01a519c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды, тұрғын үй
Қарағандыда 10 тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Қарағандыда сот шешімімен 10 тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды. Жоспардан тыс тексеріс кезінде құрылыс компанияларының рұқсат құжаттары болмағаны анықталды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің
ресми сайты. Жауапсыз құрылыс салушыларды мониторинг барысында Қарағанды қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі анықтаған.
"Деректер бізге берілген соң, 10 компанияға жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, заңбұзушылықтар туралы сотқа шағым түсірдік. Құрылыс салушылар ӘҚБтК-нің 314 "Жобалық құжаттамасыз құрылыс", 321 "Авторлық-техникалық қадағалаусыз құрылыс жүргізу" және 463 “МСҚБ талон-хабарламасысыз құрылыс жүргізу" баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығына айыппұл салынды, – деді мемлекеттік құрылыс инспекторы Думан Қасымжанов.
Егер ескертулер жойылмаса, нысан пайдалануға жіберілмейді және қабылдау актісін алмайды.
Жауапсыз құрылыс салушылар тізіміне мына компаниялар кірді:
"T-K Building" ЖШС ("Al-Farabi" ТК);
"TT INVEST-2022" ЖШС ("Хан" ТК);
"Satti Lux Stroy" ЖШС ("Нұра" ТК);
"Baiterek-2022" ЖШС ("Аманат" ТК);
"СМК Group" ЖШС ("Baiterek" ТК);
"Григорян Ш. Н." ЖК (КТ);
"TBL building" ЖШС ("Tole Bi 2" КТ);
"Revival Alliance" ЖШС (Ержанов к-сі, 63/2);
"ККК Бетон" ЖШС ("Бақытты отбасы" ТК);
"Optima-Stroy" ЖШС ("Династия" ТК).
Әкімдіктің ақпаратынша, қазір экономикалық сотта үш тұрғын үй кешенін өз еркімен салу деп тану туралы талап-арыздар қаралып жатыр. Бұл Al-Farabi ТК (құрылыс салушы "Т-К Building" ЖШС), "Хан" ТК (құрылыс салушы "ТТ-Инвест" ЖШС) және "Нұра" ТК (құрылыс салушы "Satti Lux Stroy" ЖШС).
Сондай-ақ, үлескерлердің қаражатын заңсыз тартқаны үшін 15 компанияға 320-бап бойынша айыппұл салынды. Толық тізіммен
мына жерден танысуға болады. Қазір облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қарауында осындай заңбұзушылықтар тіркелген тағы екі компания бар.