https://sputnik.kz/20230721/astana-qurylysy-uzaq-30-turgyn-uy-kesheni-36922872.html
Астанада құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй кешені биыл аяқталады
Астанада құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй кешені биыл аяқталады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Осы жылы Астанада құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй кешенін аяқтау жоспарланып отыр. Осылайша 4 мыңдай үлескер отбасы баспаналы... 21.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-21T21:56+0500
2023-07-21T21:56+0500
2023-07-21T21:56+0500
елорда тынысы
астана
баспана
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/11/29406306_0:62:1200:737_1920x0_80_0_0_61a45ba043db236149ad124449cc4ec5.jpg
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Осы жылы Астанада құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй кешенін аяқтау жоспарланып отыр. Осылайша 4 мыңдай үлескер отбасы баспаналы болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана әкімі Жеңіс Қасымбек құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралады. Қала басшысы "Қорғалжын кварталы", "Мирный дом", "Араби 2 – Гранитный 2", "Зере-2", "Арыстан", "Future Home", "Садовые кварталы", "Территория комфорта-1 2-кезек" тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездескен."Құрылысы ұзаққа созылған ғимараттардың жағдайы әртүрлі. Бір жерінде үйдің тек жақтауы ғана бар болса, енді бір тұсында қазаншұңқыры ғана қазылған. Мәселен "Арыстан" тұрғын үй кешенінің құрылысы 11 жыл бұрын басталған. Ал нысанды өткізу кезінде тек 20-30%-ы ғана дайын еді. "Садовые кварталы" тұрғын үй кешені 8 жыл бұрын проблемалы деп танылса, нысанды өткізу кезінде іргетасы ғана болатын! Мыңдаған үлескер отбасы баспанасын күтіп жүр", - деп жазды Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында.Ол құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша ауқымды жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.Айтуынша, үлескерлер абаттандыру, инженерлік желілер салу және тағы басқа мәселелерді көтереді. Әкімдік өз тарапынан мердігерлерге барынша көмек көрсетеді."Дегенмен олардың үлескерлерді жалған уәдемен үміттендіруіне жол бермейміз. Біздің міндетіміз – ұзақ құрылыстарды аяқтау және үлескерлерге пәтер кілтін тапсыру", – деді Жеңіс Қасымбек.
https://sputnik.kz/20230711/astanada-tort-mynga-zhuyq-ulesker-baspanaga-qol-zhetkize-almay-zhur-36717015.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/11/29406306_68:0:1133:799_1920x0_80_0_0_abc2193ea3e95e0b41e709e6573a26c9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, баспана
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Осы жылы Астанада құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй кешенін аяқтау жоспарланып отыр. Осылайша 4 мыңдай үлескер отбасы баспаналы болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралады. Қала басшысы "Қорғалжын кварталы", "Мирный дом", "Араби 2 – Гранитный 2", "Зере-2", "Арыстан", "Future Home", "Садовые кварталы", "Территория комфорта-1 2-кезек" тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездескен.
"Құрылысы ұзаққа созылған ғимараттардың жағдайы әртүрлі. Бір жерінде үйдің тек жақтауы ғана бар болса, енді бір тұсында қазаншұңқыры ғана қазылған. Мәселен "Арыстан" тұрғын үй кешенінің құрылысы 11 жыл бұрын басталған. Ал нысанды өткізу кезінде тек 20-30%-ы ғана дайын еді. "Садовые кварталы" тұрғын үй кешені 8 жыл бұрын проблемалы деп танылса, нысанды өткізу кезінде іргетасы ғана болатын! Мыңдаған үлескер отбасы баспанасын күтіп жүр", - деп жазды Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша ауқымды жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Әр үй бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар. Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй кешенін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл – шамамен 4 мың үлескер отбасы. Олардың бір бөлігін аяқтадық", - деді елорда әкімі.
Айтуынша, үлескерлер абаттандыру, инженерлік желілер салу және тағы басқа мәселелерді көтереді. Әкімдік өз тарапынан мердігерлерге барынша көмек көрсетеді.
"Дегенмен олардың үлескерлерді жалған уәдемен үміттендіруіне жол бермейміз. Біздің міндетіміз – ұзақ құрылыстарды аяқтау және үлескерлерге пәтер кілтін тапсыру", – деді Жеңіс Қасымбек.