Мәдениет және спорт министрлігі 3 букмекерлік кеңсені сотқа берді

© Sputnik / Абзал КалиевСуд, дело. Архивное фото
Суд, дело. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігі 3 букмекерлік кеңсенің лицензиясын сот тәртібімен жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрліктің мәліметінше, жыл басынан бері заңнаманы бұзған 5 букмекерлік кеңсенің қызметі тоқтатылды.
Айта кетейік, Қазақстандағы букмекерлік кеңселер саны 2 есеге қысқарды. 2021 жылдың басында елде 38 букмекерлік кеңсе жұмыс істесе, бүгінде олардың саны - 16. Ал оның ішінде іс жүзінде жұмыс істейтіндері - 12.
Букмекерлік кеңселердің санын азайту үшін мәдениет және спорт министрлігі түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Нәтижесінде соңғы 3 жылда букмекерлік кеңселер 15 лицензияны өз еркімен тапсырған.
"Бүгінгі таңда мәдениет және спорт министрлігінің қатысуымен ойын бизнесі және лотерея қызметі саласындағы заңнамаға 62 түзетуді, сондай-ақ ілеспе нормативтік-құқықтық актілерді көздейтін 3 заң жобасы әзірленді. Сондай-ақ, біз ойын бизнесінің жарнамасымен күресу үшін заңнамалық деңгейде түзетулерге бастамашы боламыз", - деді мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Горящая спичка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2022
Өңірлер
"Бұл – дерт": құмар ойыншы букмекерлік кеңсені өртеп жіберді – видео
Жаңалықтар
0