https://sputnik.kz/20220203/bukmekerlik-kense-ort-video-22503272.html
"Бұл – дерт": құмар ойыншы букмекерлік кеңсені өртеп жіберді – видео
"Бұл – дерт": құмар ойыншы букмекерлік кеңсені өртеп жіберді – видео
Sputnik Қазақстан
Ер адам құмар ойынмен әуестенген уақыттан бері ұтысқа 200 миллион теңге (461 мың долларға жуық) салғанын мойындады 03.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-03T14:23+0500
2022-02-03T14:23+0500
2022-02-03T14:23+0500
өңірлер
маңғыстау облысы
құмар ойын
https://sputnik.kz/img/606/93/6069381_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_481acd82100173d0626f4327fab88083.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан — Sputnik. Маңғыстау облысы Бейнеу қаласының тұрғыны букмекерлік кеңсені өртеп, осы әрекетін видеоға түсірген, деп хабарлайды "Ақтау-Лада" порталы. Ол 20 жыл бойы құмар ойындарымен әуестеніп, 200 миллион теңгеге жуық қаржыны осыған жұмсаған. Бұл әрекетке өзін жеңе алмай, шарасыздықтан барғанын айтты. "Бұл – дерт. Мен мұны жақсы білемін. Құмар ойындарына мен 200 миллионға жуық қаражат жұмсадым. Төрт балам, отбасым және достарым бар. Құмар ойындары үшін жақындарыма өтірік айттым. Мұндай ойынға әуестенгендер қолындағының бәрін сатуға дайын екенін білемін. Қаншама отбасы ойран болды. Өз-өзіме қол жұмсағым келген күндер де болды. Мына ғимаратты өртей алмадым. Мен жауапкершіліктен қашпаймын. Қандай салдары болатынын біліп тұрмын. Жастарымыз мен секілді құмар ойынға әуестеніп, барынан айырылғанын қаламаймын. Сіздерді жерге қаратсам, кешірім сұраймын", - дейді ер адам. Маңғыстау облысы полициясының хабарлауынша, бұл оқиға бүгін, 3 ақпанда, болған. Ер адам ұсталды. Өткен жылдың соңында осы тектес оқиға Қарағандыда болған. Ер адам 90 мың теңгені ойын автоматына ұтылып қалды. Есін жиған кезде автоматты сындырып, өзіне тиесілі ақшаны алған және артық қаражатқа тиіспеген.Ер адам өз кінәсін мойындап, полицияға өз еркімен келгеніне және келтірілген шығынды өтеуге дайын екеніне қарамастан, оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/606/93/6069381_20:0:1920:1425_1920x0_80_0_0_1c5f0d6c161c9e9e1bbca55d7b2242b1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, құмар ойын
маңғыстау облысы, құмар ойын
"Бұл – дерт": құмар ойыншы букмекерлік кеңсені өртеп жіберді – видео
Ер адам құмар ойынмен әуестенген уақыттан бері ұтысқа 200 миллион теңге (461 мың долларға жуық) салғанын мойындады
НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан — Sputnik. Маңғыстау облысы Бейнеу қаласының тұрғыны букмекерлік кеңсені өртеп, осы әрекетін видеоға түсірген, деп хабарлайды
"Ақтау-Лада" порталы.
Ол 20 жыл бойы құмар ойындарымен әуестеніп, 200 миллион теңгеге жуық қаржыны осыған жұмсаған. Бұл әрекетке өзін жеңе алмай, шарасыздықтан барғанын айтты.
"Бұл – дерт. Мен мұны жақсы білемін. Құмар ойындарына мен 200 миллионға жуық қаражат жұмсадым. Төрт балам, отбасым және достарым бар. Құмар ойындары үшін жақындарыма өтірік айттым. Мұндай ойынға әуестенгендер қолындағының бәрін сатуға дайын екенін білемін. Қаншама отбасы ойран болды. Өз-өзіме қол жұмсағым келген күндер де болды. Мына ғимаратты өртей алмадым. Мен жауапкершіліктен қашпаймын. Қандай салдары болатынын біліп тұрмын. Жастарымыз мен секілді құмар ойынға әуестеніп, барынан айырылғанын қаламаймын. Сіздерді жерге қаратсам, кешірім сұраймын", - дейді ер адам.
Маңғыстау облысы полициясының хабарлауынша, бұл оқиға бүгін, 3 ақпанда, болған. Ер адам ұсталды.
Өткен жылдың соңында осы тектес оқиға Қарағандыда болған. Ер адам 90 мың теңгені ойын автоматына ұтылып қалды. Есін жиған кезде автоматты сындырып, өзіне тиесілі ақшаны алған және артық қаражатқа тиіспеген.
Ер адам өз кінәсін мойындап, полицияға өз еркімен келгеніне және келтірілген шығынды өтеуге дайын екеніне қарамастан, оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.