https://sputnik.kz/20230724/almatydagy-adam-olimine-akelgen-zhol-apaty-avtobus-zhurgizushisine-sot-ukimi-shyqty-36959701.html
Алматыдағы адам өліміне әкелген жол апаты: автобус жүргізушісіне сот үкімі шықты
Алматыдағы адам өліміне әкелген жол апаты: автобус жүргізушісіне сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Алматы, 24 шілде – Sputnik. Алматыда №98 автобустың жүргізушісі адам өліміне әкеліп соққан жол апатына кінәлі деп танылды, деп хабарлайды қалалық соттың... 24.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-24T12:57+0500
2023-07-24T12:57+0500
2023-08-10T11:59+0500
алматы
сот үкімі
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/08/29143623_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_cee898777bef498899e58b14e60b2b2e.jpg
Алматы, 24 шілде – Sputnik. Алматыда №98 автобустың жүргізушісі адам өліміне әкеліп соққан жол апатына кінәлі деп танылды, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында "А." есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.Автобус жүргізушісі кінәсін мойындамады, ақтауды сұрады. Сот жүргізушінің асырауында үш кішкентай баланың болуына байланысты жазаны жеңілдету туралы шешім қабылдады."Ш" және "К" есімді азаматтардың пайдасына моральдық шығын ретінде әрқайсысына 2 миллион теңгеден, сондай-ақ "Ш" есімді азаматтың пайдасына 323 885 теңге материалдық шығын өндірілді", - деп хабарлады сот.Еске сала кетейік, 2022 жылдың 8 қарашасында Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында №98 және №201 автобустар соқытығысып қалған.Сот анықтағандай, №98 автобустың жүргізушісі Абылай хан көшесінің бойымен оңтүстік бағытта келе жатып, жол қозғалысы ережелерін елемей, бағдаршамның тыйым салынған қызыл түсіне өтіп кетіп, №201 автобуспен соқтығысқан.№98 автобустың жолаушылары сыртқа құлап кеткен, жәбірленуші "И" есімді азамат автобустың астында қалып, алған дене жарақаттарынан қайтыс болды. Ал жәбірленуші "К" есімді азамат ауыр дене жарақатын алған, жәбірленуші "Ш" есімді азамат орташа ауырлықтағы дене жарақатын алған.Айта кетері, Алматыда екі автобус соқтығысқаннан кейін 20-дан астам адам медициналық көмекке жүгінген болатын.
https://sputnik.kz/20221108/almatyda-eki-avtobus-soqtygysty---bir-adam-koz-zhumdy-29143778.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/08/29143623_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_2490998de3b42005e1f391f654a0b7f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, сот үкімі, жол апаты
алматы, сот үкімі, жол апаты
Алматы, 24 шілде – Sputnik. Алматыда №98 автобустың жүргізушісі адам өліміне әкеліп соққан жол апатына кінәлі деп танылды, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында "А." есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.
"Сот сотталушы азаматты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша ("Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу") кінәлі деп танып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза және 5 жыл мерзімге көлік құралын тізгіндеу құқығынан айыру түрінде қосымша жаза кесті", – делінген сот хабарламасында.
Автобус жүргізушісі кінәсін мойындамады, ақтауды сұрады. Сот жүргізушінің асырауында үш кішкентай баланың болуына байланысты жазаны жеңілдету туралы шешім қабылдады.
"Ш" және "К" есімді азаматтардың пайдасына моральдық шығын ретінде әрқайсысына 2 миллион теңгеден, сондай-ақ "Ш" есімді азаматтың пайдасына 323 885 теңге материалдық шығын өндірілді", - деп хабарлады сот.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың 8 қарашасында Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында №98 және №201 автобустар соқытығысып қалған.
Сот анықтағандай, №98 автобустың жүргізушісі Абылай хан көшесінің бойымен оңтүстік бағытта келе жатып, жол қозғалысы ережелерін елемей, бағдаршамның тыйым салынған қызыл түсіне өтіп кетіп, №201 автобуспен соқтығысқан.
№98 автобустың жолаушылары сыртқа құлап кеткен, жәбірленуші "И" есімді азамат автобустың астында қалып, алған дене жарақаттарынан қайтыс болды. Ал жәбірленуші "К" есімді азамат ауыр дене жарақатын алған, жәбірленуші "Ш" есімді азамат орташа ауырлықтағы дене жарақатын алған.
Айта кетері, Алматыда екі автобус соқтығысқаннан кейін 20-дан астам адам медициналық көмекке жүгінген болатын.