https://sputnik.kz/20221108/almatyda-eki-avtobus-soqtygysty---bir-adam-koz-zhumdy-29143778.html
Алматыда екі автобус соқтығысты – бір адам көз жұмды
Алматыда екі автобус соқтығысты – бір адам көз жұмды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Алматыда екі жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам көз жұмды. 15 адам жарақат алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық... 08.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-08T14:42+0500
2022-11-08T14:42+0500
2022-11-08T14:46+0500
автобус
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/08/29143623_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_cee898777bef498899e58b14e60b2b2e.jpg
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Алматыда екі жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам көз жұмды. 15 адам жарақат алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полицияға сілтеме жасап.Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 98 және 201-ші бағыттағы қоғамдық көліктер соқтығысқан.Әлеуметтік желіде тараған видеодан екі автобустың саябақ аймағына кіріп кеткенін анық көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, 201-ші бағыттағы автобус екінші қоғамдық көлікті бүйірінен соққан. Сосын инерциямен жолдың жиегінде тұрған адамдарды басып өткен. Құтқарушылар автобустың астынан бір адамның денесін алып шықты.Жол апаты Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болған.Аталған дерек Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/08/29143623_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_2490998de3b42005e1f391f654a0b7f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автобус
Алматыда екі автобус соқтығысты – бір адам көз жұмды
14:42 08.11.2022 (жаңартылды: 14:46 08.11.2022) АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Алматыда екі жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам көз жұмды. 15 адам жарақат алған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қалалық полицияға сілтеме жасап.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 98 және 201-ші бағыттағы қоғамдық көліктер соқтығысқан.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан екі автобустың саябақ аймағына кіріп кеткенін анық көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, 201-ші бағыттағы автобус екінші қоғамдық көлікті бүйірінен соққан. Сосын инерциямен жолдың жиегінде тұрған адамдарды басып өткен. Құтқарушылар автобустың астынан бір адамның денесін алып шықты.
Жол апаты Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болған.
Аталған дерек Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.