Түйе өліміне себепші болған мұнай ұңғымасы қоршалды

© Photo : Скриншот видеоГибель верблюда на месте утечки нефти в Мангистау прокомментировали в Минэкологии
Гибель верблюда на месте утечки нефти в Мангистау прокомментировали в Минэкологии - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстандағы түйенің арам өлуіне себепші болған Шалба ұңғысының мұнай шалшығын өңірдегі экология департаментінің мамандары ауыр техниканың көмегімен қоршады.
"Бұл нысан ауыр техниканың көмегімен қоршалған. Қалған жұмыстар жүргізіліп жатыр және олар аяқталғанша құзырлы органның бақылауында болады", - деді Маңғыстау облысының экология департаментіндегілер.
17 шілдеде мұнай төгілген жерде түйенің өлгені хабарланып, әлеуметтік желіде жануардың видеосы пайда болды. 2020 жылы Маңғыстаудағы Шалба учаскесіндегі ұңғыманың төгілуі салдарынан мұнай шалшығы пайда болды, деп хабарлайды Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Осы оқиғаға қатысты министр Зульфия Сүлейменова да өз пікірін білдірді. Ол аумақты тазарту жұмыстарын жүргізетін жаңа учаске операторы бекітілгенін айтты.
Мұнай төгілген жерде өлген түйе - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2023
Өңірлер
Мұнай төгіліп, түйе өлген: министрлік желіде тараған видеоға түсініктеме берді
Жаңалықтар
0