https://sputnik.kz/20230718/munay-togilip-tuye-olgen-ministrlik-zhelide-taragan-videoga-tusinikteme-berdi-36865001.html
Мұнай төгіліп, түйе өлген: министрлік желіде тараған видеоға түсініктеме берді
Мұнай төгіліп, түйе өлген: министрлік желіде тараған видеоға түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында ұңғымадан шыққан мұнай далаға төгіліп, салдарынан түйе өлген. Видео әлеуметтік желіде тарады. 18.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-18T17:50+0500
2023-07-18T17:50+0500
2023-07-18T17:50+0500
өңірлер
мұнай
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/07/12/36863658_0:0:1153:648_1920x0_80_0_0_381201a7c8145fb034a5c12cde506dbc.jpg
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында ұңғымадан шыққан мұнай далаға төгіліп, салдарынан түйе өлген. Видео әлеуметтік желіде тарады.Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпаратынша, бұл "Шалба" учаскесіндегі ұңғыма.Осыған дейін экология департаменті құқық қорғау және басқа да құзыретті мемлекеттік органдарға ұңғыманы жою бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы бірнеше рет хат жолдаған."Мәселен, 2020 жылғы 24 шілдеде Маңғыстау АІІБ қылмыстық іс қозғады (№1-4-8/1634-I), алайда қылмыс сипатының болмауына байланысты іс тоқтатылды. Энергетика министрлігі жариялаған мұнай кен орны бойынша мемлекеттік сауда-саттықта "ARK Petroleum" жеңімпаз атанды, ол келісімшарт жасасқаннан кейін ластанған учаскені рекультивациялау және тазарту жұмысын жүргізеді", - деп мәлімдеді министрліктегілер.Жануарлардың учаскеге кіруін болдырмау үшін облыс әкімдігі қоршау орнатқан.Қазіргі уақытта экология департаменті облыс әкімдігіне және АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне мұнай қалдығынан қырылған малдың өлексесін шығару және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы хат жолдады.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/12/36863658_49:0:913:648_1920x0_80_0_0_18f7a65051ed8d11174b64d75215b819.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, маңғыстау облысы
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында ұңғымадан шыққан мұнай далаға төгіліп, салдарынан түйе өлген. Видео әлеуметтік желіде тарады.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпаратынша, бұл "Шалба" учаскесіндегі ұңғыма.
"Осы факті бойынша департамент басшысы Р.К.Төкенов бастаған экология департаментінің қызметкерлері аталған жерге тексеріске шықты. Төгілу орны мемлекеттің меншігінде екені және 2020 жылдан бастап мұнай эмульсиясы ағып жатқан "Шалба" учаскесіндегі НШ-П1 ұңғымасы екені анықталды", - делінген хабарламада.
Осыған дейін экология департаменті құқық қорғау және басқа да құзыретті мемлекеттік органдарға ұңғыманы жою бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы бірнеше рет хат жолдаған.
"Мәселен, 2020 жылғы 24 шілдеде Маңғыстау АІІБ қылмыстық іс қозғады (№1-4-8/1634-I), алайда қылмыс сипатының болмауына байланысты іс тоқтатылды. Энергетика министрлігі жариялаған мұнай кен орны бойынша мемлекеттік сауда-саттықта "ARK Petroleum" жеңімпаз атанды, ол келісімшарт жасасқаннан кейін ластанған учаскені рекультивациялау және тазарту жұмысын жүргізеді", - деп мәлімдеді министрліктегілер.
Жануарлардың учаскеге кіруін болдырмау үшін облыс әкімдігі қоршау орнатқан.
Қазіргі уақытта экология департаменті облыс әкімдігіне және АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне мұнай қалдығынан қырылған малдың өлексесін шығару және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы хат жолдады.