Өңірлер

Семейде ер адам әйелдерді көйлегінің астынан суретке түсіріп жүрген

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2023
Жазылу
55 жастағы қала тұрғынының біртүрлі әрекеті камераға түсіп қалған
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Семейде 55 жастағы ер адам қоғамдық орындарда әйелдерді көйлегінің астынан суретке түсіріп жүрген. Қала тұрғыны бір айға қамауға алынуы мүмкін.
Абай облысының полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз ер адамның әйелдерді киімінің астынан суретке түсірген бейнежазбаны анықтады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Тәртіп сақшылары 55 жастағы қала тұрғынын анықтады. Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 2-бөлігі ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Осы баптың санкциясымен он бес күннен отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы көзделген.
Материал шешім қабылдау үшін Семей қаласының әкімшілік сотына жіберілді.
Эскалатор, архитегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2023
Елорда тұрғыны сауда орталығында қымбат спорт костюмін киіп, қашып кеткен
Жаңалықтар
0