Елорда тұрғыны сауда орталығында қымбат спорт костюмін киіп, қашып кеткен

© Photo : Tobias LindnerЭскалатор, архитегі фото
Эскалатор, архитегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Астана тұрғыны киім-кешек бөлмесінде қымбат спорт костюмін киіп, қашып кеткен, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Елордадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің сатушысы белгісіз біреудің "Porsche Desing" бутигінен құны 190 мың теңге тұратын спорттық костюмді ашық түрде ұрлап кеткені туралы полицияға арызданған.
"Тергеу барысында белгісіз жігіттің кешкі уақытта киім-кешек бөлмесіне кіріп, сол жерде ұзақ тұрғаны анықталды.Кетіп бара жатқанда сатушы оның сатылымдағы спорттық костюмін киіп алғанын байқап, күртешенің астынан не кигенін көрсетуді сұраған, алайда ер адам дене күшін қолданып, оны итеріп жіберіп, қашып кеткен", - делінген хабарламада.
"Есіл" ауданы ПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бұрын сотты болған 30 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Жаңалықтар
0