Өңірлер

Алматы облысын сел басу қаупі бар – 150 адам эвакуацияланды

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаСело затопило из-за обильных осадков на юге Казахстана
Село затопило из-за обильных осадков на юге Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 шілде – Sputnik. Алматы облысындағы Талғар бөгетінде топырақ бөгеті шайылып, сел қаупіне байланысты 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, Талғар бөгетінің бөрене ұстағыш құрылғысында бөгетті су шайып кеткен.
"2023 жылдың 22 шілдесінде сағат 00:30-дағы сел тасқынының кері әсері салдарынан Талғар бөгетінің бөрене ұстағыш құрылғысында топырақ бөгетінің оң жағын су шайып кетті. Ұзындығы 5,5 метр, ені 3 метр, тереңдігі 1,2 метр, көлемі шамамен 20 текше метрлік шұңқыр пайда болды", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Шұңқырды қалпына келтіру жұмыстарын "Қазселденқорғау" филиалы жүргізеді.
Талғар өзенінің қауіпті учаскелеріне бақылау бекеттері орнатылды. Сел қаупі бар аймақтан 150-ге жуық адам эвакуацияланды.
Село затопило из-за обильных осадков на юге Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2023
Министрлік Талғар өзенінің тасуы туралы: облыс аумағында жағдай тұрақты
Жаңалықтар
0