Ақмола облысында құрғақ шөп жанды

© Photo : Төтенше жағдайлар министрлігіАқмола облысында құрғақ шөп жанды
Ақмола облысында құрғақ шөп жанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Ақмола облысында ауданы 400 га алаңда құрғақ шөп жанды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, 21 шілдеде сағат 16.32-де Степногорск қаласының Азат ауылында ауданы 400 га алаңда құрғақ шөп жанған.
Тартылған күштер мен құралдардың жедел іс-қимылдарының, уақтылы қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 19.30-да оқшауланып, сағат 21.30-да сөндірілді.
Өртті сөндіруге Ақмола облысының орман шаруашылығының, жергілікті атқарушы органдарының және төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдарынан 39 адам және 11 техника жұмылдырылды.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2023
Шығыс Қазақстанда таулы аймақтағы өрт сөндірілді
Жаңалықтар
0