Шығыс Қазақстанда таулы аймақтағы өрт сөндірілді

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 18 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстанда жетуі қиын таулы жерлердегі өрт толық сөндірілді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Тілсіз жау Черно-Убинск орманында 7 гектар аумақты жалмаған.
"Таулы жер болғандықтан ШҚО әкімдігінің авиабөлімінің Ми-8 тікұшағымен өрт сөндірушілер, орманшылар және Қазавиақорғау десанты жану ошағына жеткізілді", - деп мәлімдеді ведомство.
Өртті сөндіруге ШҚО орман шаруашылығы мен ТЖД-дан 72 адам, 4 бірлік техника, ШҚО авиабөлімшесінің МИ-8 және МИ-2 мен Қазавиақорғау тікұшақтары жұмылдырылды.
Пожар разгорелся в Семей орманы Абайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2023
Өңірлер
Баянауылдағы өрт сөндірілді
Жаңалықтар
0