Ақтөбеде автобус пен екі жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

© Photo : diapazon.kzАқтөбеде автобус пен екі жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
Ақтөбеде автобус пен екі жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2023
Жазылу
АҚТӨБЕ, 21 шілде – Sputnik. Ақтөбеде автобус пен екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Диапазон.
Қайғылы жол-көлік оқиғасы 20 шілдеде шамамен сағат 19:40-та Қарғалы тұрғын алабында болған.
"Сәтбаев пен Құрғұлов көшелерінің қиылысында автобус пен екі жеңіл көлік, атап айтқанда, "ВАЗ 21074", "Chevrolet Cobalt" және "ПАЗ-32053" көліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан "ВАЗ 21074" көлігінің жолаушысы алған жарақатынан ауруханада көз жұмды", - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен ("Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы") сотқа дейінгі тергеу басталды.
Дәрітамызғыш - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Түркістандағы жантүршігерлік жол апаты: 6 адам жансақтау бөлімінде жатыр
Жаңалықтар
0