Түркістандағы жантүршігерлік жол апаты: 6 адам жансақтау бөлімінде жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевДәрітамызғыш
Дәрітамызғыш - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 17 шілде – Sputnik. Түркістан облысындағы жантүршігерлік жол апатынанаман қалған 15 адамның алтауы жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
"Жол апатынан зардап шеккен 15 адам Бәйдібек аудандық орталық ауруханасына жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Хирургия бөліміне 9 науқас, жансақтау бөліміне 6 науқас жатқызылды. Облыстан санавиациямен мамандар келіп, көмек көрсетті", - дейді ведомство.
Еске сала кетейік, 17 шілдеде таңғы сағат 09:00 шамасында "Екпінді-Созақ" тасжолында үш көлік соқтығысып, 9 адам қайтыс болды.
Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қайтыс болды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Өңірлер
Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қайтыс болды
Жаңалықтар
0