Білім

35 мектепте жөндеу жұмысы жаңа оқу жылына дейін аяқталмауы мүмкін

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігінде жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындық жұмыстары талқыланды.
Ведомство ақпаратынша, қазір еліміздегі 250 мектепте күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр, оның 90-ы "Ауыл ел бесігі" бағдарламасымен жүзеге асуда.
"Алайда жаңа оқу жылына дейін 35 мектептің жөндеу жұмысы аяқталмауы мүмкін. Бұл Абай, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында орналасқан мектептер", - дейді министрліктегілер.
Сондай-ақ шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 506 мектеп жаңғыртылды. Оның ішінде 107 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. 185 орта білім беру ұйымында мектеп жиһаздары жаңартылды, 201 мектеп кітапханасы мен 119 мектеп асханалары жаңғырту жұмысынан өтті.
261 мектепке турникет, бейнебақылау, дабыл түймелері орнатылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Бұл бағытта Алматы, Атырау, Түркістан облыстарында көрсеткіш төмен.
Бұдан бөлек президент биыл еліміздің мектептерінде робот техникасы, физика, химия, биология, STEM пәндерінен мың кабинет ашуды тапсырған болатын. Қазіргі күні республика бойынша осындай 307 кабинет ашылған. 248 кабинет бойынша жеткізу жұмыстары жүріп жатыр. 1235 кабинет жабдықтарын сатып алу үшін конкурстық рәсімдер өткізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, ШҚО, БҚО және Түркістан облыстарында төмен екені байқалады. Кеңес барысында аталған өңірлерге пәндік кабинеттерді ашу жұмыстарын жеделдету әрі сапалы орындау тапсырылды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Сонымен қатар 14 өңір мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету үшін 100 пайыз баспалармен келісімшарт жасады. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында келісімшарт жұмысы енді аяқталса, Алматы қаласы, Түркістан, Алматы облыстарында баспалармен әлі келісім жасалмаған.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2023
Қоғам
Білім саласындағы жемқорлық: Антикор 102 қылмыстық істі тергеп жатыр
Жаңалықтар
0