Қазақстанның шығысында таудан шыққан орман өрті сөндіріліп жатыр

© AFP 2024 / YONHAPВертолет, сбрасывающий воду. Архивное фото
Вертолет, сбрасывающий воду. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 шілде — Sputnik. Қазақстанның шығысында Қатон-Қарағай ауданының тауларындағы орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
1700 м-ден астам биіктікте шамамен 3 гектар аумақта жартастардағы жекелеген ағаштарды өрт шарпыды.
"Қорғаныс министрлігінің Ми-171 және Шығыс Қазақстан облысы әуе бөлімшелерінің МИ-2 тікұшақтары өрт ошақтарына әуеден 19 рет су рет төкті", - деп атап өтті ведомство.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, көлемі 50 тоннаға жуық су төгілген.
Аталған аймақта 155 орманшы, өрт сөндіруші және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, 13 техника және 3 тікұшақ өртті сөндіріп жатыр.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2023
Шығыс Қазақстанда таулы аймақтағы өрт сөндірілді
Жаңалықтар
0