https://sputnik.kz/20230719/abay-oblysynda-balabaqsha-bukhgalteri-25-mln-tenge-zhymqyrgan-36885385.html
Абай облысында балабақша бухгалтері 2,5 млн теңге жымқырған
Абай облысында балабақша бухгалтері 2,5 млн теңге жымқырған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Абай облысына қарасты Жарма ауданында балабақша есепшісі 2,5 млн теңгеден астам қаражатты өзіне заңсыз аударған, деп хабарлайды... 19.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-19T17:49+0500
2023-07-19T17:49+0500
2023-07-19T17:49+0500
абай облысы
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15704070_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_1451406e3b5c4a4069f5d446a86e0411.jpg
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Абай облысына қарасты Жарма ауданында балабақша есепшісі 2,5 млн теңгеден астам қаражатты өзіне заңсыз аударған, деп хабарлайды Polisia.kz.Белгілі болғандай, есепші мекеме басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасына қол жеткізе отырып, оның көмегімен ақшалай қаражатты есептеу және аудару бойынша барлық қаржылық операцияларды жүзеге асырған.“Onlinebank HALYK” бағдарламасы арқылы жалған электрондық төлем шоттарын жасаған. Әйел өзінің лауазымын асыра пайдаланып, 3 жыл бойы осы әдіспен өз есепшотына ақша аударып жүрген.Осылайша, қылмыстық әрекеттердің салдарынан бухгалтер балабақшаға жалпы сомасы 2,5 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.Қазіргі уақытта есепші өзінің кінәсін толық мойындады және мемлекетке келтірген материалдық залалды өтеді. Осылайша сот заттай дәлелдемелерге сүйене отырып, сотталушыны кінәлі деп танып, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айыру түрінде үкім шығарды.Әйелдің 14 жасқа толмаған 3 баласы бар болғандықтан Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды.
https://sputnik.kz/20230703/zhetisu-oblysynda-balabaqsha-bukhgalteri-40-mln-tengege-zhuyq-byudzhet-qarazhatyn-zhymqyrgan-36501313.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15704070_374:0:2625:1688_1920x0_80_0_0_fe21e2c24066846d9378484085c7e11a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, қылмыс
Абай облысында балабақша бухгалтері 2,5 млн теңге жымқырған
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Абай облысына қарасты Жарма ауданында балабақша есепшісі 2,5 млн теңгеден астам қаражатты өзіне заңсыз аударған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Белгілі болғандай, есепші мекеме басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасына қол жеткізе отырып, оның көмегімен ақшалай қаражатты есептеу және аудару бойынша барлық қаржылық операцияларды жүзеге асырған.
“Onlinebank HALYK” бағдарламасы арқылы жалған электрондық төлем шоттарын жасаған. Әйел өзінің лауазымын асыра пайдаланып, 3 жыл бойы осы әдіспен өз есепшотына ақша аударып жүрген.
Осылайша, қылмыстық әрекеттердің салдарынан бухгалтер балабақшаға жалпы сомасы 2,5 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Қазіргі уақытта есепші өзінің кінәсін толық мойындады және мемлекетке келтірген материалдық залалды өтеді. Осылайша сот заттай дәлелдемелерге сүйене отырып, сотталушыны кінәлі деп танып, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айыру түрінде үкім шығарды.
Әйелдің 14 жасқа толмаған 3 баласы бар болғандықтан Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды.