https://sputnik.kz/20230703/zhetisu-oblysynda-balabaqsha-bukhgalteri-40-mln-tengege-zhuyq-byudzhet-qarazhatyn-zhymqyrgan-36501313.html
Жетісу облысында балабақша бухгалтері 40 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған
Жетісу облысында балабақша бухгалтері 40 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Жетісу облысында аудандық балабақшалардың бірінің бухгалтері 40 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды бас... 03.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-03T11:44+0500
2023-07-03T11:44+0500
2023-07-03T11:44+0500
балабақша
ақша
https://sputnik.kz/img/834/57/8345771_0:0:3797:2135_1920x0_80_0_0_a7ec0daf0ae7324cb36b3d1c11236fa8.jpg
АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Жетісу облысында аудандық балабақшалардың бірінің бухгалтері 40 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.Бас прокуратураның мәлімтінше, жымқыру фактісі штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру кезінде анықталған. Онда тиісті жалақы мен нақты төленген қаражат арасында айырмашылық болған."Аталған фактіге қатысты прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша (аса ірі мөлшерде ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - деп атап өтті ведомство.Істі Жетісу облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тексеріп жатыр.Осы баптың санкциясында белгілі бір лауазымдарды атқаруға сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
https://sputnik.kz/20230526/kokshetauda-eki-bukhgalter-14-mln-tenge-zhymqyrdy-degen-kudikke-ilindi-35332038.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/834/57/8345771_168:0:3543:2531_1920x0_80_0_0_78591fa073c94a665fe9ef2f10ae5455.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша, ақша
Жетісу облысында балабақша бухгалтері 40 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған
АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Жетісу облысында аудандық балабақшалардың бірінің бухгалтері 40 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.
"Жетісу облысының Ақсу ауданында балабақша бухгалтері өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы 40 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.
Бас прокуратураның мәлімтінше, жымқыру фактісі штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру кезінде анықталған. Онда тиісті жалақы мен нақты төленген қаражат арасында айырмашылық болған.
"Аталған фактіге қатысты прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша (аса ірі мөлшерде ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - деп атап өтті ведомство.
Істі Жетісу облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тексеріп жатыр.
Осы баптың санкциясында белгілі бір лауазымдарды атқаруға сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.