Қоғам

"Ұмай" ипотекасы бойынша қайтадан өтінім қабылданады

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуЖенщина с ребенком держат макет дома
Женщина с ребенком держат макет дома - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Отбасы банкі "Ұмай" ипотекасы бойынша қайтадан өтінім қабылдауға шешім шығарды. Себебі үміткерлердің жартысы іріктеуден өте алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қанша өтініш қабылданады

Биыл "Ұмай" ипотекасына 15,6 млрд теңге бөлінген болатын.
10 мамырда басталған әйелдерге арналған бағдарлама үлкен дүрбелең тудырды. Сол күні түске дейін 1000-нан астам өтінім түсіп, лимит аяқталған болатын.
Бірақ бағдарлама шарттарына сәйкес, үміткер төлем қабілеттілігін растап, бір айдың ішіне баспана табуы тиіс. Үйді бағалау құжатын да алуы керек. Кейбіреулер үлгермей, пәтер сатып алудан бас тартады.

"Клиенттердің бір бөлігінің ипотекадан бас тартуы себебінен банкте шамамен 6 млрд теңге резерв пайда болды, ол жаңа өтінімдерді қаржыландыруға бағытталатын болады. Бұл дегеніміз, шамамен 400-450 әйелге өз баспанасын тауып, қоныс тойын тойлауға мүмкіндік туды", - деп атап өтті банк мамандары.

19 шілдеде Отбасы банкі өтініштерді қайта қабылдауды бастайды.
Оны банктің кез-келген бөлімшесінен өтінім беруге болады.

Бағдарлама шарттары

Мөлшерлеме - 14.4% (ЖТСМ 15.4% - дан), одан кейін 3.5% - 5% - ға дейін төмендейді (ЖТСМ 3.6% - дан);
Бастапқы жарна - 15-20%;
Несие сомасы - 30 млн теңгеге дейін;
Мерзімі - 6 айдан 25 жылға дейін;
Баспананы бастапқы немесе қайталама тұрғын үйден алуға болады. Бірақ бір мәселені ескерген жөн, өтініштер Астана, Алматы, Ақтау және Атырауда қабылданбайды. Себебі ол жақта қарыздар бойынша лимит таусылды. Басқа қалаларда өтініш беруге болады.
Айта кетері, "Ұмай" әйелдер ипотекасы 2021 жылы басталған болатын. Содан бері 2 073 әйел баспаналы болды.
Макет дома на калькуляторе - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2023
"Ұмай" әйелдер ипотекасына өтініш қабылдау басталды
Жаңалықтар
0