"Ұмай" әйелдер ипотекасына өтініш қабылдау басталды

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуМакет дома на калькуляторе
Макет дома на калькуляторе - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Бүгін "Ұмай" әйелдер ипотекасына өтініш қабылдау басталды, деп хабарлады "Отбасы банк".
Биыл үшінші траншқа 15,6 млрд теңге бөлінді. Кредиттің 40 пайызы Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларына тұрғын үй сатып алуға бөлінеді, бұл шамамен 200 кредит.
Ал кредиттің 60 пайызы облыстар мен басқа қалалардан тұрғын үй сатып алуға беріледі. Бұл шешім облыста тұратын әйелдерді қолдау үшін қабылданды.

Бағдарламаның шарты қандай?

Мөлшерлеме 14.4% (жылдық тиімді мөлшерлеме 15,4%-дан), одан кейін 3,5% - 5%-ға (жылдық тиімді мөлшерлеме 3,6% - дан) дейін төмендейді. Ал бастапқы жарна 15-тен 20%-ға дейін. Тұрғын үйдің максималды құны – 30 млн теңге.
Новоизбранные депутаты мажилиса приносят присягу - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2023
Қоғам
Депутат Дәулет Мұқаев қазақстандықтарды баспаналы етудің жолдарын ұсынды
Жаңалықтар
0