https://sputnik.kz/20230405/daulet-muqaev-qazaqstandyqtardy-baspanaly-etudin-zholy-33596952.html
Депутат Дәулет Мұқаев қазақстандықтарды баспаналы етудің жолдарын ұсынды
Депутат Дәулет Мұқаев қазақстандықтарды баспаналы етудің жолдарын ұсынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына өзгеріс енгізуді ұсынды. Айтуынша, қолданыстағы бағдарламалар... 05.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-05T14:30+0500
2023-04-05T14:30+0500
2023-04-05T14:33+0500
қоғам
баспана
депутат
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33381484_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_8a3022f24a614fa37053ad6e98489692.jpg
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына өзгеріс енгізуді ұсынды. Айтуынша, қолданыстағы бағдарламалар қарапайым халыққа қолжетімсіз, деп хабарлайды Sputnik Қазақсан тілшісі. Мәжілісмен премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында баспанасыз жүрген қазақстандықтардың проблемасын көтерді. "Халқымыздың "Ұлы дала квартиранттары" атанғаны жанға қатты батады. Анығын айтқанда, үйсіз-күйсіз жүрген қазақстандықтарды қолжетімді және сапалы баспанамен қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарламалар қолжетімді болмай отыр. Бүгінгі таңда тұрғын үй бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар халықтың сұранысын қанағаттандырмай отыр", - дейді Мұқаев. Осы орайда депутат ел арасынан жиналған мәліметтер мен сұраныстар нәтижесі бойынша үкіметке бірқатар ұсыныс жолдады. Көпбалалы отбасылар бір бөлмелі пәтерде тұруға мәжбүр Мұқаевтың айтуынша, 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан "Бақытты отбасы" бағдарламасын жыл сайын бюджеттен 50 миллиард теңге аударылады. Бүгінге дейін 8 мыңға жуық отбасы үйлі болды. Алайда баспана бағасы өскендіктен, бағдарлама аясында берілетін ең жоғарғы сомаға тек бір бөлмелі пәтер сатып алуға болады. "Бағдарлама аясында Алматы, Астана, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында максималды сома 15 миллион теңгеге тең еді. 2019-2020 жылдары бұл ақшаға 2 бөлмелі үй алуға мүмкіндік болса, қазіргі уақытта пәтер бағасы өскеннен тек 1 бөлмелі үй алуға мәжбүр. "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында көпбалалы отбасы деп кемі 4 бала, олардың ата-анасын қоссақ, кемі 6 адам. Дәл қазіргі уақытта жаңа үйлер конкурс негізінде берілгендіктен, кейбір отбасылар 32-40 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтерде тұруға мәжбүр", - дейді Мұқаев. Осыған байланысты ол "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" бағдарламаларының талаптарына өзгеріс енгізуді ұсынды. "Жас отбасының" бастапқы жарнасы 10%-тен аспауы керек Мұқаевтың пікірінше, жастар арасында ажырасудың көбеюіне бірден бір себеп – баспананың жоқтығы. Сол себепті жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін қолға алу керек. "Мемлекеттік деңгейде "Жас отбасы" бағдарламасын бастапқы жарнасы 10 пайыздан аспайтындай ұсынамын. Бүгінгі таңда Отбасы банкі тарапынан жүзеге асып жатқан "Жас отбасы" бағдарламасында бастапқы жарна 50%-ды құрайды. Мұндай қаражат жинау жастарға қиындық тудыртады", - деп санайды мәжілісмен. "7-20-25" жыры Депутат биылдан бастап "7-20-25" бағдарламасына қойылған лимитті алып тастауды ұсынды. "Бағдарлама ұйымдастырушылары "ақша бар, бәрі жақсы, бағдарлама жұмыс істеп тұр" деп көрсетеді. Бірақ неге бұл жағдайда "7-20-25" бағдарламасы бойынша қазір Қазақстанда бірде-бір банк ипотека бермейді? Себебі маусым сайын лимит қойып қойған. Халық банктер алдында түнеуге мәжбүр болуда. Бұл тұрғыда "7-20-25" бағдарламасы бойынша лимитті алып тастау қажет", - деп мәлімдеді Мұқаев. Бағдарлама 2029 жылға дейін созылады дегенімен, оған дейін аты бар заты жоқ бағдарламаға айналуы әбден мүмкін. Мыңдаған адам банктен мақұлдау алғанымен, лимит кесірінен үйдің кілтін ала алмай жүр, деп жалғастырды сөзін ол. "Жастар жалдамалы пәтерлерін ала алмай жүр" Мәжіліс депутаты қозғаған тағы бір проблема – жастарға берілетін жалдамалы пәтер. Бағдарлама аясында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жыл сайын кемі 1 000 пәтерден 3 000 пәтер берілуі керек еді. Алайда тұрғын үйлердің уақытында салынбауынан жастар жалдамалы пәтерлерін былтыр толық алған жоқ. "Яғни, бағдарлама істеп тұрған жоқ. Жастар санаты 29 жастан 35 жасқа дейін өскендіктен, алдағы уақытта берілетін пәтерлер саны да өсуді талап етеді. Әрі бұл бағдарлама тек 3 қаламен ғана шектелмей, еліміздің барлық өңірінде іске қосылуы керек. Осы мәселеге байланысты Үкімет тарапынан нақты қандай іс-шаралар атқарылмақ?", - деп сұрады Мұқаев. Депутат баспанаға мұқтаждықты жою мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды жаңартып, қайта қарау қажет деп санайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33381484_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_536969d7cf621d04ed86ef671d8b4e27.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәулет мұқаев дәулеттен инстаграм 7 20 25 баспана пәтер жилье квартира даулет мукаев dauletten
дәулет мұқаев дәулеттен инстаграм 7 20 25 баспана пәтер жилье квартира даулет мукаев dauletten
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына өзгеріс енгізуді ұсынды. Айтуынша, қолданыстағы бағдарламалар қарапайым халыққа қолжетімсіз, деп хабарлайды
Sputnik Қазақсан тілшісі.
Мәжілісмен премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында баспанасыз жүрген қазақстандықтардың проблемасын көтерді.
"Халқымыздың "Ұлы дала квартиранттары" атанғаны жанға қатты батады. Анығын айтқанда, үйсіз-күйсіз жүрген қазақстандықтарды қолжетімді және сапалы баспанамен қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарламалар қолжетімді болмай отыр. Бүгінгі таңда тұрғын үй бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар халықтың сұранысын қанағаттандырмай отыр", - дейді Мұқаев.
Осы орайда депутат ел арасынан жиналған мәліметтер мен сұраныстар нәтижесі бойынша үкіметке бірқатар ұсыныс жолдады.
Көпбалалы отбасылар бір бөлмелі пәтерде тұруға мәжбүр
Мұқаевтың айтуынша, 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан "Бақытты отбасы" бағдарламасын жыл сайын бюджеттен 50 миллиард теңге аударылады. Бүгінге дейін 8 мыңға жуық отбасы үйлі болды. Алайда баспана бағасы өскендіктен, бағдарлама аясында берілетін ең жоғарғы сомаға тек бір бөлмелі пәтер сатып алуға болады.
"Бағдарлама аясында Алматы, Астана, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында максималды сома 15 миллион теңгеге тең еді. 2019-2020 жылдары бұл ақшаға 2 бөлмелі үй алуға мүмкіндік болса, қазіргі уақытта пәтер бағасы өскеннен тек 1 бөлмелі үй алуға мәжбүр. "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында көпбалалы отбасы деп кемі 4 бала, олардың ата-анасын қоссақ, кемі 6 адам. Дәл қазіргі уақытта жаңа үйлер конкурс негізінде берілгендіктен, кейбір отбасылар 32-40 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтерде тұруға мәжбүр", - дейді Мұқаев.
Осыған байланысты ол "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" бағдарламаларының талаптарына өзгеріс енгізуді ұсынды.
"Жас отбасының" бастапқы жарнасы 10%-тен аспауы керек
Мұқаевтың пікірінше, жастар арасында ажырасудың көбеюіне бірден бір себеп – баспананың жоқтығы. Сол себепті жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін қолға алу керек.
"Мемлекеттік деңгейде "Жас отбасы" бағдарламасын бастапқы жарнасы 10 пайыздан аспайтындай ұсынамын. Бүгінгі таңда Отбасы банкі тарапынан жүзеге асып жатқан "Жас отбасы" бағдарламасында бастапқы жарна 50%-ды құрайды. Мұндай қаражат жинау жастарға қиындық тудыртады", - деп санайды мәжілісмен.
Депутат биылдан бастап "7-20-25" бағдарламасына қойылған лимитті алып тастауды ұсынды.
"Бағдарлама ұйымдастырушылары "ақша бар, бәрі жақсы, бағдарлама жұмыс істеп тұр" деп көрсетеді. Бірақ неге бұл жағдайда "7-20-25" бағдарламасы бойынша қазір Қазақстанда бірде-бір банк ипотека бермейді? Себебі маусым сайын лимит қойып қойған. Халық банктер алдында түнеуге мәжбүр болуда. Бұл тұрғыда "7-20-25" бағдарламасы бойынша лимитті алып тастау қажет", - деп мәлімдеді Мұқаев.
Бағдарлама 2029 жылға дейін созылады дегенімен, оған дейін аты бар заты жоқ бағдарламаға айналуы әбден мүмкін. Мыңдаған адам банктен мақұлдау алғанымен, лимит кесірінен үйдің кілтін ала алмай жүр, деп жалғастырды сөзін ол.
"Жастар жалдамалы пәтерлерін ала алмай жүр"
Мәжіліс депутаты қозғаған тағы бір проблема – жастарға берілетін жалдамалы пәтер. Бағдарлама аясында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жыл сайын кемі 1 000 пәтерден 3 000 пәтер берілуі керек еді. Алайда тұрғын үйлердің уақытында салынбауынан жастар жалдамалы пәтерлерін былтыр толық алған жоқ.
"Яғни, бағдарлама істеп тұрған жоқ. Жастар санаты 29 жастан 35 жасқа дейін өскендіктен, алдағы уақытта берілетін пәтерлер саны да өсуді талап етеді. Әрі бұл бағдарлама тек 3 қаламен ғана шектелмей, еліміздің барлық өңірінде іске қосылуы керек. Осы мәселеге байланысты Үкімет тарапынан нақты қандай іс-шаралар атқарылмақ?", - деп сұрады Мұқаев.
Депутат баспанаға мұқтаждықты жою мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды жаңартып, қайта қарау қажет деп санайды.