Мүгедектігі бар жандарға және асыраушысынан айырылғандарға 274 млрд теңге төленді

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, монеты
Деньги, тенге, купюры, монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 244 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бұған қосымша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке жарамсыздығы және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 30,2 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер төленді.
Министрліктің мәліметінше, 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар саны шамамен 536,2 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 198,2 мың адамды құрайды.
Сонымен қатар, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 8,5% - ға өсті, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қосымша орта есеппен 14,5%-ға индекстелді.
"2023 жылғы 1 шілдеден бастап жалпы аурудан мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 1-топ үшін 89 248 теңгені, 2-топ үшін – 71 398 теңгені, 3-топ үшін – 48 681 теңгені құрайды", - деп атап өтті ведомство.
Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер төленеді. Мәселен, осы жылдың бес айының қорытындысы бойынша 92,2 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал 59,6 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.
Төлемдердің мөлшері мыналарға байланысты:
соңғы 2 жылдағы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс,
еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері,
асырауындағы адамдар саны,
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.
2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 33 454 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 34 423 теңгені құрайды.
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2023
Азаматтардың кейбір санаттары үшін жәрдемақы мөлшері 14,5%-ке артты
Жаңалықтар
0