https://sputnik.kz/20230718/aqtobe-sheteldikter-kasipker-uyinen-60-mln-tenge-urlagan-36863430.html
Ақтөбеде шетелдіктер кәсіпкердің үйінен 60 млн теңге ұрлаған
Ақтөбеде шетелдіктер кәсіпкердің үйінен 60 млн теңге ұрлаған
Sputnik Қазақстан
Күдіктілердің бірі қылмыс жасағаннан кейін таксимен Түркістан облысына кетіп, шекараны кесіп өтпек болған 18.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-18T16:08+0500
2023-07-18T16:08+0500
2023-08-09T12:29+0500
өңірлер
ақтөбе
кәсіпкер
шетелдік
https://sputnik.kz/img/274/36/2743680_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_a6ac378d34601c028ade9769949bc3ee.jpg
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Ақтөбе қаласында кәсіпкердің үйін тонаған екі шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.Оқиға 15 шілдеде болған. Белгісіз біреулер пәтер есігін кілтпен ашып, ішке заңсыз кірген. Сөйтіп сейфте тұрған ақшаны ұрлаған. Салдарынан 46 жастағы кәсіпкерге 60 миллион теңге мөлшерінде материалдық шығын келді.Полиция қызметкерлері 38 жастағы шетелдікті "ізін суытпай" ұстады. Оның жалдамалы пәтерінен ұрланған ақшаның бір бөлігі табылды.Ал оның сыбайласы таксимен Түркістан облысына қашып үлгерген. 34 жастағы шетел азаматы оңтүстікте шекараны кесіп өтуді көздеген. Алайда Сарыағаш ауданының полицейлері күдіктіні қолға түсірді. Одан да ірі көлемде ақша тәркіленді.Күдіктілер жасаған қылмысын мойындады. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
https://sputnik.kz/20230109/astanada-satushyny-baylap-duken-tonagan-30958287.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/274/36/2743680_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_cf61408eb3590e218edd5b9b8fbb4611.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, кәсіпкер, шетелдік
ақтөбе, кәсіпкер, шетелдік
Ақтөбеде шетелдіктер кәсіпкердің үйінен 60 млн теңге ұрлаған
16:08 18.07.2023 (жаңартылды: 12:29 09.08.2023) Күдіктілердің бірі қылмыс жасағаннан кейін таксимен Түркістан облысына кетіп, шекараны кесіп өтпек болған
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Ақтөбе қаласында кәсіпкердің үйін тонаған екі шетелдік ұсталды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Оқиға 15 шілдеде болған. Белгісіз біреулер пәтер есігін кілтпен ашып, ішке заңсыз кірген. Сөйтіп сейфте тұрған ақшаны ұрлаған. Салдарынан 46 жастағы кәсіпкерге 60 миллион теңге мөлшерінде материалдық шығын келді.
Полиция қызметкерлері 38 жастағы шетелдікті "ізін суытпай" ұстады. Оның жалдамалы пәтерінен ұрланған ақшаның бір бөлігі табылды.
Ал оның сыбайласы таксимен Түркістан облысына қашып үлгерген. 34 жастағы шетел азаматы оңтүстікте шекараны кесіп өтуді көздеген. Алайда Сарыағаш ауданының полицейлері күдіктіні қолға түсірді. Одан да ірі көлемде ақша тәркіленді.
Күдіктілер жасаған қылмысын мойындады. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.