https://sputnik.kz/20230717/zhambyldagy-temirzhol-apaty-zholaushylar-poyyzy-qayta-zholga-shyqty-36843749.html
Жамбылдағы теміржол апаты: тоқтап қалған пойыздар қайта жолға шықты
Жамбылдағы теміржол апаты: тоқтап қалған пойыздар қайта жолға шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 шілде - Sputnik. Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара станциясында теміржол апатынан кейін пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды... 17.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-17T12:32+0500
2023-07-17T12:32+0500
2023-07-17T13:59+0500
жамбыл облысы
қтж
https://sputnik.kz/img/657/15/6571559_0:0:1499:844_1920x0_80_0_0_fa8a7fc3ea6f2d007e6b599639f174e4.jpg
АСТАНА, 17 шілде - Sputnik. Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара станциясында теміржол апатынан кейін пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі."Оқиға салдарын жоюға Шу және Тараз станцияларының қосымша пойыздары жұмылдырылды", - делінген компания хабарламасында.Вагондардың рельстен шығуынан жолаушы пойыздары тоқтаған болатын. Компанияның мәліметінше, барлық пойыз ауыз сумен қамтамасыз етілген, вагон-мейрамханалар жұмыс істеп тұр."Компания жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұрайды", - деп мәлімдеді "Қазақстан темір жолы".Еске сала кетейік, 17 шілде түнгі 01:05 кезінде Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара стансасында жүк вагондары жолдан шығып кетті.Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр.Бұл оқиға жолаушы пойыздарының жүру кестесіне әсер етті.Болған жағдайдың себептерін анықтау үшін ҚТЖ арнайы комиссия құрды.
https://sputnik.kz/20230717/zhambyl-oblysynda-zhuk-vagondary-relsten-shygyp-ketti-36834898.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/657/15/6571559_50:0:1383:1000_1920x0_80_0_0_236aa28a5ccc480d04346d11bfdfe765.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, қтж
Жамбылдағы теміржол апаты: тоқтап қалған пойыздар қайта жолға шықты
12:32 17.07.2023 (жаңартылды: 13:59 17.07.2023) АСТАНА, 17 шілде - Sputnik. Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара станциясында теміржол апатынан кейін пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі.
"Оқиға салдарын жоюға Шу және Тараз станцияларының қосымша пойыздары жұмылдырылды", - делінген компания хабарламасында.
Вагондардың рельстен шығуынан жолаушы пойыздары тоқтаған болатын. Компанияның мәліметінше, барлық пойыз ауыз сумен қамтамасыз етілген, вагон-мейрамханалар жұмыс істеп тұр.
"Компания жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұрайды", - деп мәлімдеді "Қазақстан темір жолы".
Еске сала кетейік, 17 шілде түнгі 01:05 кезінде Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара стансасында жүк вагондары жолдан шығып кетті.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр.
Бұл оқиға жолаушы пойыздарының жүру кестесіне әсер етті.
Болған жағдайдың себептерін анықтау үшін ҚТЖ арнайы комиссия құрды.